Талап күшейе түсті

Жақында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізілді.  Аталмыш заңға сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Оның ішінде кодекс 301-1-бабымен («Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу») және 301-2-бабымен («Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы, анық бермеуі») толықтырылды.
Мәселен,  электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылатын болса, онда кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан немесе техникалық шарттарды беруден бас тартатын болса, кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы, анық бермесе кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіштен төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген. Сонымен қатар, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыратын болса, екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Кодекстің 305 және 690-баптарына да өзгерістер енгізілді, яғни, кодекстің 305-бабына сәйкес (қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автокөлік тұрақтарына, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағар май материалдарын шығарып тастау және төгу) жұмыстары жүргізілетін болса, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады. Бұдан басқа, электр энергетикасы туралы заң 5-2, 13-1-баптармен толықтырылды және осы заңның кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.      
Жоғарыда көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруды және әкімшілік жаза қолдануды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүзеге асырады. Толғандырған мәселелер болса, 8 (7162) 25-78-67, факс: 8(7172) 25-13-16 телефон нөмірлері немесе kokshetau.kaenk@energo.gov.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.

Марат ОСПАНОВ,
ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола
облысы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы.                                                                           

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар