«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешіміне сәйкес Қайрат Абайдоллаұлы Сұлтанов үстіміздегі жылдың 2 қазанынан Ақмола облыстФық кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешіміне сәйкес Қайрат Абайдоллаұлы Сұлтанов үстіміздегі жылдың 2 қазанынан Ақмола облыстФық кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды. 

Қайрат Абайдоллаұлы 1970 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылту поселкесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Инженер-экономист.
Еңбек жолын 1988 жылы газэлектрдәнекерлеуші болып бастаған. 1994 жылдан 1999 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген. 1999-2002 жылдары – салық органдарында. 2002-2004 жылдары аралығында Зеренді «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Зеренді филиалының басқарушысы. 2004 жылдан 2006 жылға дейін Зеренді аудандық әкімдігінің  коммуналдық қызмет-өндіріс және сәулет бөлімінің басшысы. 2006-2016 жылдары аралығында «ҚазМұнайГаз-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Зеренді филиалының директоры, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы болып қызмет атқарған.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Зерен Тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар