Ұстаздың өнертабысы

Степногорск қаласындағы Ю.Гагарин атындағы №7 орта мектептің оқушылары технология сабағында электр қуатын  үнемдегіш станоктарды қолдануда.

Қазіргі уақытта электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. Электр қуатын көп тұтыну оны өндіруге жұмсалатын шикізат көздерін шамадан тыс пайдалануға ғана емес, жаһандық экологияға да көп з алал келтіруде. Сондықтан, адамзат болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алудың алғышарттарын білуі қажет екені сөзсіз. Осыны түсінген Ю.Гагарин атындағы №7 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Фарит Карибуллин оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп, энергия үнемдегіш станоктар жасап шығарған.
Автордың сөзінше, 2013 жылы мектепте энергия шығынын екі есеге азайтатын қуаттылығы шағын двигательді станок жасау жобасы қолға алынған болатын. Араға бір жыл салып, жоба «жаһандық экологиялық қорының шағын гранттары» бағдарламасы бойынша  150 мың теңгенің грантын жеңіп алды. Жоба жүзеге асыру барысында шағын двигательді станоктың күрделі түйіні мен мұрындығын жасауға оқушылардың ата-аналары да қол ұшын созған. Әсіресе, әкелері тың жобаны жүзеге асыруда авторға техникалық жағынан көп көмек берген.  
– Біз 5 айдың ішінде двигателі 220 вольт 10 станок жасап шығардық. Бұл станоктар электр қуатын үнемдегіш әрі тасымалдап жүруге өте ыңғайлы. Оған қоса, 380 вольт-
пен жұмыс істейтін станоктарды құрастырдық. Жобаны жүзеге асырудағы басты мақсатымыз – оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын ояту, – дейді Фарит Карибуллин.
Жобаны жүзеге асыру барысында ағаш өңдегіш, электрлі ара, ленталы тегістегіш, дөңгелекті тегістегіш сияқты шағын двигательді төрт экспериментальды шағын станок жасалып, осы күні еңбек сабағында тиімді қолданылуда.
Жаңашыл ұстаз алдағы уақытта қолға алған жобасын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

Степногорск қаласы.

Суретте: оқушылар технология сабағында электр қуатын  үнемдегіш
станоктарды қолдануда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар