Жемқорлыққа қарсы тұру қоғамның міндеті

Ақмола облысында жемқорлық қылмыстарын тіркеу төмендеді. Биылғы жылдың жеті айында тиісті органдармен сотқа дейінгі тергеудің бірегей тізілімінде жемқорлық баптары бойынша 57 сотқа дейінгі тергеу тіркелген.

Ал, 2015 жылдың осы кезеңі бойынша  – 132,  2016 жылы – 116 сотқа дейінгі тіркеу тіркелген болатын. Экономикалық, саяси-құқықтық және идеологиялық тұрғыдағы жаhандық өзгерістер жағдайында жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі біздің елімізде де ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі заман жағдайында мемлекеттік билік саласы мен экономикалық қызметте жемқорлықтың жиі көрініс беруі  байқалады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жемқорлықтан көрініс табатын қауіптің алдын алу, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттік органдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды, басқа да тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғаларды кінәлі деп танылған жағдайда  жауапкершілікке тарту мен осының салдарларын жою мақсатында 2015 жылдың 18 қарашасында «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданған болатын. Аталмыш заңға сәйкес жемқорлықпен күрес азаматтың бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттестігі, жемқорлыққа қарсы тұру шараларын жүйелі әрі кешенді жүргізу. Осы істе қолғабыс етуші тұлғаларды ынталандыру, жемқорлық құқық бұзушылық жасағандығы үшін бұлтартпай жазалау арқылы жүзеге асырылуда.
Заң қолданысқа енгеннен кейін Ақмола облысында жемқорлық қылмыстарды тіркеу айтарлықтай төмендеді. Ағымдағы жылдың 7 айында тиісті органдармен сотқа дейінгі тергеудің бірегей тізілімінде жемқорлық баптары бойынша 57 сотқа дейінгі тергеу тіркелген. Ал, 2015 жылдың осы кезеңі бойынша  – 132,  2016 жылы – 116 сотқа дейінгі тіркеу тіркелген болатын.
Өкінішке орай, жүргізілген статистика бүгінгі күні жемқорлықты түбегейлі жою мүмкін еместігін көрсетіп отыр.
Бұрынғыдай жемқорлық қылмыс жасау субъектілеріне әкімшілік қызметшілер мен олардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік сатып алулар, жер қатынастары, құрылыс пен тұрғын үй мәселелерін жатқызуға  болады. Осындай статистика тұлғаларды күдікті ретінде жауапкершілікке тартпау, қылмысты заңсыз басқа баптарға ауыстыру және тағы басқа қылмыс түрлері бойынша ішкі істер қызметкерлері арасында да қалыптасқан.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында елімізде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша батыл қадамдарға бару қажеттігін атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, негізгі күш-жігер жемқорлықтың зардаптарымен күреске бағытталған.
Жемқорлық қылмыстың төмендегендігіне қарамастан, сыбайлас жемқорлықты анықтау, оның себептері мен алғышарттарын жою бойынша жұмысты күшейту қажет. Бұл орайда, негізгі мәселенің бірі – мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру. Жемқорлықпен күрес оған барлық қоғам мүшелерінің белсенді қатысуына тікелей байланысты. Жемқорлықпен күрестің пәрменді құралы – жемқорлықты жаппай қабылдамау, әлеуметтік желілер мен басқа да медиаресурстарды жетілдіру.    
 Заңның 22 бабында өзінің құзыреттілігі шегінде барлық мемлекеттік органдар, мекемелер,  квази мемлекеттік секторлардың субъектілері және лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге міндетті екендігі атап көрсетілген. Осы талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жемқорлық құқық бұзушылықты төмендетуге бағытталған бірнеше бағдарламалар қарастырып отыр.
Бүгінгі күннің өзінде жекелеген аймақтарда «Е-қылмыстық іс» пилоттық жобасы іске қосылған. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына әртүрлі бұрмалауға баруға, сонымен қатар, қылмыстық процеске қатысушылардың заңсыз әрекет жасауына жол бермейді. Қазіргі кезде Сауд Арабиясы, Швеция, Оңтүстік Корея, Австрия, Нидерланды сияқты мемлекеттерде қылмыстық істерді осылайша  электронды түрде  жүргізу сәтті қолданыс алуда. Сондықтан, 2018 жылдың басынан бастап электронды қылмыстық істің барлық республика аумағында қолданысқа енгізілуі  жоспарлануда. Сондай-ақ, комитеттің бастамасы бойынша барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда олардың қызметін нақты бақылап, байқап отыруға  мүмкіндік беретін «Айқын» жобасы енгізілген.  
Сонымен қатар, халықтың полицияға, мемлекеттік органдарға жолдаған арыз-шағымдарының нәтижелерін тексеру,  әкімшілік айыппұлдар жайында білу, бизнесті тексерудің заңдылығын біліп отыру, құқықтық статистика алу, тағы басқа ақпараттарға мүмкіндік беретін ақпараттық сервис жүзеге асырылуда.
Кәсіпкерлерге көмек ретінде мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тарапынан олардың қызметтеріне негізсіз араласуды болдырмау, құқықтарын жан-жақты қорғау мақсатында «Qamqor» мобильдік қосымшасы іске қосылған. Кәсіпкердің қызметіне тексеріс тағайындалған жағдайда, оның ұялы телефонына «Сізге тексеріспен келеді» деген мәтін түрінде Puch-хабарлама келіп түседі. Кәсіпкер осы қосымшадан тексеріске қатысатын тұлғалар, тексерістің мерзімі, кезеңі мен құқықтық негізін, мәнін біле  алады. Сонымен қатар, қолданушыға тексерістің басынан бастап оның жүргізілу барысында бақылаушы органдар қызметкерлерінің жіберген заң бұзушылықтары жайында хабарламалар жолдау мүмкіндігі бар.
Көптеген жемқорлық құқық бұзушылықтар жол полициясы қызметкерлері тарапынан жасалатындықтары бәрімізге құпия емес. Осыған байланысты комитет жетілдірімдерінің бірі – «ӘӨБТ»  әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі  осы салада қылмыстың төмендеуіне бағытталған. Аталмыш жобаның үлкен артықшылығы оның автоматтандырылғандығы және айқындығы. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға хаттама жасау кезінде, планшет арқылы түскен  мәліметтер лезде «ӘӨБТ» деректер қорына түсіп, әрі қарай аталмыш материал бойынша барлық мәселелер айыппұл төленген уақытқа дейін прокурор бақылауында тұрады. Бүгінгі күні пилоттық жоба Астана қаласында сынақтан сәтті өткізіліп, Қазақстанның барлық  аумағында қолданысқа енгізіле бастады.   
Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы демократиялық бастамаларды кеңейту, мемлекетті басқарудың  жариялылығын арттырып, мемлекет пен оның құрылымдарына халықтың сенімін нығайту, қабілетті мамандарды мемлекеттік қызметке  ынталандыру, сатылушылыққа жол бермеу сияқты мәселелерді де қамтиды. Жемқорлық – біздің мемлекетіміздің дамуын, оның экономикалық өсуін және саяси тұрақтылығын тежейтіні ақиқат. Бұл заңда осы басты кеселмен күрес тетіктері қарастырылған. Оларды қоғам қажетіне дұрыс бағыттай білу жемқорлыққа едәуір тосқауыл қоятынына сөз жоқ. Бұл орайда, прокуратура органдары да осы маңызды іске өз ықпалын арттыра түспекші.     
Талғат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және    арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқарма бастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар