Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ананың қос қанаты - АРҚА АЖАРЫ

Ананың қос қанаты

«Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді», – деген екен белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков. Мына заманда басына түскен ауыртпалықты көтере алмай, салы суға кеткен, өмірден адасқан жандар аз ба? Кейде оларға қарап күйінуден басқа амалымыз қалмайды. Ал, бұл жолғы кейіпкерім – екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған аяулы ана, ұлағатты ұстаз Гаухар Әскерованың қажыр-қайратын, ұмтылысын көріп, осы бір жақсы адамның әңгімесінен жаныма қуат алғандай болдым.

Оның жүзіне қарап Қарашаш, Бопай, Домалақ аналарымыздың бейнесін көз алдыма елестеттім. Ертеден келе жатқан қазақ қыздарына тән инабаттылық, іскерлік, шынайылық, қайсарлық секілді қасиеттер бойымызға сіңгеннен кейін, тарихта аты қалған аналарымыздың сара жолымен жүруіміз заңдылық та шығар. Гаухар Базарқызына да қосағынсыз өмір сүру қаншалықты қиын болса да, ол қажыр-қайратын, күш-қуатын жинап, алға қарай ұмтылып келеді. Жолдасы, Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Ерлан Әскеров отызға толар-толмас шағында, қызмет барысында осыдан он бір жыл бұрын жол апатынан қаза тапқан болатын. Сол кезде шиеттей екі баламен қалған жалғызбасты ананың ертеңгі күніне күмәнмен қарағандар көп болды.
Уақыт бәріне емші. Өзінің төзімділігі мен шыдамдылығының арқасында Гаухар Базарқызы бәрін де жеңе білді. Қазіргі таңда ол облыс орталығындағы гуманитарлық-техникалық лицейде ағылшын тілінен сабақ береді. Ұлы Бақытжан лицейдің тоғызыншы сыныбында оқыса, қызы Аружан бүгінде Астана қаласындағы қазақ ұлттық хореография академиясының жетінші сыныбында оқиды. Осы орайда, кейіпкеріміздің екі жыл бұрын Көкшетауда ашқан «Ару» білім беру орталығы жайлы кеңірек тоқталып өтсек дейміз. Бұл орталықта балалар репетиторлардың көмегімен ағылшын тілімен қатар, қазақ, орыс тілдерін, бастауыш сынып пәндерін оқып үйренуде.
– Балалардың ағылшын тілін үйренуге деген талпыныстары жақсы. Нәтижелерге жетіп жатыр. Біздің орталықтан алған білімдерін өз мектептерінде көрсетіп, емтихандарда жоғары баға алуда. Қазіргі таңда үш тілде білім беру мәселесіне баса көңіл бөлініп отырғаннан кейін, біз де жалғыз ағылшын тілін ғана емес, мемлекеттік тілді, ресми тілді де қатар үйретіп жүрміз. Сабақтарымды үш тілде салыстырмалы түрде өткіземін. Бір тілді ғана үйреткеннен гөрі, тілдердің грамматикасын, лексикасын салыстырып оқытсақ, оқушылар тез ұғып алады. Шәкірттеріміздің қатары көбеюде. Көбінесе олардың жарнама арқылы емес, ел аузынан біздің білім беру орталығы жайлы жақсы пікір естігені қуантады, – дейді кейіпкеріміз.
«Ару» білім беру орталығы шағын мектеп секілді. Бүгінде мұндағы шәкірттердің саны жүзден асады. Орталықта жұмыс істейтін оқытушылар көбінесе бар өмірін ұстаздық жолға арнаған, зейнетке шыққан жандар. Көргені мен түйгені мол осындай ұстаздары бар балалар орталықтан тек білім ғана емес, тәрбие, өнеге де алатыны сөзсіз.
– Дана халқымыз «Қыз өссе, елдің көркі, гүл өссе, жердің көркі» деп текке айтпаған ғой. Мен де Аружанымның халықтың қызы болғанын қалаймын. Бала тумысынан дарынды болуы мүмкін, бірақ, олардың кез келгені еңбекқор емес. Қызымның бойынан осы екі қасиетті де көремін, – деген аяулы ана Алладан берілген қабілетті еңбектену арқылы дамыту өте маңызды екенін, өйтпеген жағдайда, дарындылық шам сияқты сөніп қалатынын айтады. Бізбен әңгімесінде ол балалардың үйірмелерге баруы келешекте сарқылмас жан- азық болатынын айтып, ата-аналарға кішкентай кезінен ұл-қыздарының тәрбиесімен ғана айналысып қоймай, оның бойындағы талантын ашу үшін ұмтылуға кеңес берді.
Кейбір ата-аналардың «сурет, еңбек секілді үйірмелердің түкке де қажеті жоқ» дегендері жаңсақ пікір. Әр үйірме өзінше ерекше және оның әрқайсысы баланың ой-өрісін кеңейтеді. Баланың физикалық тұрғыда өсіп-жетілуін ғана емес, оның рухани бай адам болуын маңызды санайтын Гаухар Әскерова қазіргі нарық заманында балаларды үйірмелерге апару қаншалықты қымбатқа түссе де, баланың болашағына құйылған инвестиция ең жақсы инвестиция деген пікірін жеткізді.
Иә, бала жанынан пәк, таза не бар десеңізші, шіркін. Кейіпкеріміздің қызы Аружан бос уақытында сурет салады, өлең жазады. Оның әкесіне деген сағынышқа толы жырлары жүректі тебірентпей қоймайды. Осы балапандарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп келе жатқан, оларға ана орнына ана, әке орнына әке болып жүрген абзал ананың аман болғанын, арманына жеткенін тілейміз.
– Ұлымның да, қызымның өмірден өз жолдарын табатынына сенімдімін. Тірі адам тіршілігін жасайды ғой. Балаларым үшін талпынып, өмір сүруім керек. Бір түсінгенім, өзіңді-өзің сынап, қайрап жүрсең, кез келген ауыртпалықты көтере алады екенсің. Әрине, кей кездері жалғыздықты сезініп, жылап алатын сәттерім болады. Жолдасым өмірден озғанда көп адамдардың «Екі баламен қиын ғой, қалай тұрасың?» дегені әлі есімде. Бірақ, екі балам маған ешқандай қиындық туғызған жоқ. Керісінше, менің қос қанатыма айналды, күш берді, солардың арқасында өмір сүруді жалғастырып келемін, – деген Гаухар Базарқызына қанатыңыз талмасын, қос құлыншағыңыз, тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіз сізді тек қуанта берсін дегіміз келеді.

Венера Талғатқызы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар