Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біз де құптаймыз - АРҚА АЖАРЫ

Біз де құптаймыз

Бүгінгі таңда елімізде латын әліпбиіне көшуге байланысты қызу талқылау жүріп жатқаны белгілі. Жастар өкілі ретінде мен де өз пікірімді білдірсем деймін.

Шын мәнісінде, әліпбиді жаңарту бізге аса қиындық тудырмайды. Біріншіден, замандастарымыздың көбі неміс, ағылшын тілдерін пән ретінде оқыған. Сол себепті, қаріп бізге етене таныс. Қазіргі таңда кейбір телеарналардың атауы латынша жазылуда, оған да көзіміз үйренді. Екіншіден, компьютер пернетақтасынан да, ұялы телефондағы таңбалардан да ештеңені өзгертудің қажеті жоқ. Керекті белгілердің бәрі бар. Сондықтан, латын қарпіне ауысуда қандай да бір қиындық, қосымша жүктеме туындамайтынына сенімдімін.
Осы орайда, аға буын өкілдері классикалық әдеби кітаптардың түпнұсқасының сақталуынан күдіктенетіні рас. Дегенмен, ол кітаптар уақыт өте келе қайта басылады ғой. Ал, латын әліпбиіне ауысқанша классиктерді кириллица нұсқасында да оқи беруге болады. Латын әліпбиін қолданған әрбір ел өз нұсқасына келді. Біз де өз жолымызды тауып, өрісімізді кеңейтеміз.
Бүгінде әлеуметтік желілерде өз тегің мен атыңды жаңа графика негізінде жазу дағдыға айналды. Қарап отырсақ, оқылуы да еш қиын емес. Біз танымал лингвистердің, жұртшылықтың бүкіл құптарлық ұсыныс-пікірін ескере келе, қазіргі графикамыздың латын қарпіне көшірілуін толық құптаймыз.

Гүлжан ТҮСІПБЕКОВА.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар