Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аңсаған азаттықты ер Кенекем!.. - АРҚА АЖАРЫ

Аңсаған азаттықты ер Кенекем!..

Таяуда Тараз қаласында қазақтың соңғы ханы Кенесары атамыздың шәйіт кеткеніне 170 жыл толуына орай мазмұны мәнді, тағылымы толымды шара өткізілді. Төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарап кеткен төре тұқымы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Иран, тағы басқа мемлекеттерден арнайы келіп, бас қосқан дидарласу болды.

Алдымен Кенесары ханның ұлт-азаттық көтерілістің, отарлау саясатына ойсырата соққы беру жолындағы қанды жорықтың басында ту ұстап тұрған кемеңгер бейнесі кеңінен қамтылып, көрсетілген ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Әңгіменің ау-жайы сайып келгенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелермен өзектес. Конференция барысында ханның ерлігі мен өрлігін, кемелдігі мен кемеңгерлігін терең зерттеген тарихшы ғалымдар қауымы тақырыпты бар қырынан жарқырата ашып көрсетіп, мазмұнды баяндамалар жасады. Сөз алған шешендер де ел жадында қалған естеліктерді тірілтіп, жоғарыда аталған тақырыпты толықтыра түсті. Осының барлығы бір арнада тоғысқан аталы сөз болды. Оның мәні мынада. Кенесары ханның қазақ халқының бодандықтан құтылу, бостандыққа ұмтылу барысындағы еңбегі мен ерлігі ұшан-теңіз екені әмбеге аян. Бүгінгі бас қосудың мәні осындай елін сүйген ерлердің шерлі шежіресін шерте отырып, өнегесін өрімтал ұрпақтың сүйегіне сіңіру.
Шынтуайтында, қыр асып келген қыруар жұрттың көксегені де ел мұраты, ел бірлігі. Ал, бірлікке ұйытқы болатын да азаттық жолында алдаспан қылыштай жарқылдаған Алаштың есіл ұлдары. Сол асылдардың көкірегіндегі арман-мұратты бүгінгі мақсатқа айналдырсақ, ұтарымыз мол болмақ. Тезек төренің ұрпақтары ұйымдастырған мазмұнды шарадан соң шартараптан жиналған қауымға ас берілді. Аруақтарға бағышталып құран оқылды. Ас барысында тағы да төл тарихымызды қамтыған тағылымды сөз сөйленді. Маған да сөз кезегі берілді.
Осы шара барысында айта жүрер тағы бір оқиға орын алды. Шыңғысхан-Жошыхан ұрпақтары төрелердің бейресми қауымдастығы көкшетаулық Сансызбай Мұқитановқа сұлтан атағын беріп, куәлігін тапсырды. Мұндай атақ төре тұқымының бәріне емес, өздерінің адал еңбектерімен елінде халқына қалаулы, еліне елеулі болғандарға ғана беріледі.

Шабдан ТОҚМУРЗИН.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар