Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Киелі Түркістанға барып келді - АРҚА АЖАРЫ

Киелі Түркістанға барып келді

«Қоғамдық келісім» мекемесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында өткен диалог алаңында еліміздің киелі жерлеріне саяхатқа шығып келген көкшетаулық оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ үшін маңызы зор жиынды Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырып, оған облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану орталығының директоры Қ.Шақшақов және №11, 17 орта мектептердің мұғалімдері З.Қақабаева мен А.Жазиевалар қатысты. Іс-шараны Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова жүргізді.
Жас ұрпақты ұлан-ғайыр жерді алып жатқан Қазақстанның қасиетті жерлерінің тарихымен таныстыру игі бастама және өзге оқу орындарына, басқа аймақтарға үлгі-өнеге. Еркін пікір, еркін көзқарас білдіру түрінде өткен танымдық іс-шарада тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану орталығының директоры Қуаныш Шақшақов «Қазақстанның киелі жерлері» атты республикалық сокральды география картасына енген Ақмола өңіріндегі қасиетті жерлер мен тарихи аңыздарға толы киелі мекендер жайында мазмұнды әңгіме өрбітті. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында өткен республикалық Аналар кеңесінің форумына қатысып, «Абай әлеміне саяхат» клубының «Туған жер» жобасы бойынша жүзеге асырып жатқан жемісті жұмыстарын таныстырған аталмыш клуб жетекшісі Зәуре Қақабаева өз оқушыларымен бірге Шымкент, Түркістан жерлерінде болған саяхаттарынан алған әсерлері жайлы тебіреніспен айтып берді.
– Біз киелі Түркістан жерін өз көзімізбен көргенімізге қуаныштымыз. Бізге осындай мүмкіндік берген Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ұстаздарыма алғысымыз шексіз. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың мавзолейіне барып, ондағы тайқазанды, хандар мен батырлардың, би-шешендердің жатқан жерлерін көрдік. Арыстан бабтың мазарының жанындағы құдық суының дәмін татып, Отырардың бұрынғы орнын көргенімізде Қазақстанда тұрып жатқанымызға қуандық. Бай тарихымыздың осындай асыл мұраларын қатарластарымыз да көрсе екен деген тілегіміз бар, – дейді №11 орта мектеп-гимназиясының оқушылары, клуб мүшелері Дамир Әміржанов, Кирилл Ким, Екатерина Глазирина және Карина Гемпель. Бұл саяхатқа барған оқушылардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдерінің ұрпақтары екен. Клуб жетекшісінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта да оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңіріміздің және басқа да облыстардың қасиетті жерлеріне бармақшы.
Балалар бұл саяхатқа өз ата-аналарының қаражаты есебінен барыпты. Алдағы уақытта демеушілер табылса, нұр үстіне нұр болар еді дейді клуб жетекшісі.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар