Бүкіл әлем таныды

Ежелден ер шығарған елдің атын,
Ел тудырған ер ұлын – асыл затын.
Ең тұңғыш Елбасына сайлады елі,
Біртуар Нұрсұлтандай азаматын.

Елден бата, Алладан дұға келді,
Ер ұлы елдің жайын ұға келді.
Қиялы қыран құстай көкке самғап,
Қар барысындай сілкініп шыға келді.

Көк туды көкке өрлетіп, пырақ мініп,
Бодандық қызыл туын лақтырып,
Сын сағатта Сарыарқа даласына,
Орнаттық Астананы тұрақ қылып.

Көрсек те, қатал тағдыр азабыңды,
Тартсақ та тәлкегің мен мазағыңды,
Елі сүйген Елбасы арқасында,
Бүкіл әлем таныды қазағымды.

Қонса да нұрлы бақыт маңдайына,
Елбасы алаңдайды ел жайына.
Отырмыз жармасуды мақсат етіп,
Отыз озық елдің шаужайына.

Ұмтылмаймыз Алланың бермесіне,
Ұмтыламыз жүйріктің кермесіне.
Риза болып аттанды әлем кеше,
«ЭКСПО-17»-інің көрмесіне.

Қарқынымыз қайырлы қадам болсын,
Бейбіт күн, берекелі заман болсын,
Жалбарына тілеймін, Жаратқаннан,
Еліміз, Елбасымыз аман болсын!

Нұреке, бір жыл туған төл екенбіз,
Құрдасым, құтты болсын мерекеңіз!
Ұлассын мәңгілікке, Сіз бен біздер,
Ширек ғасыр сақтаған берекеміз!

Қуан ТАЙШАБАРҰЛЫ,
зейнеткер.
Шағалалы ауылы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар