Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүрек жылуы - АРҚА АЖАРЫ

Жүрек жылуы

Тұңғыш Президент күніне орай Ақмола облыстық әділет департаменті «Ана жүрегінің жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл игі шараның бүгінгі қоғамға үлгі болар тұсы көп.

Себебі, аталмыш акция шеңберінде облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский қызметкерлерімен бірге «Ана үйі» қорына барып, қордың қамқорлығындағы аналар мен қызметкерлерін мемлекеттік мерекемен құттықтап, сыйлықтар тапсырды. «Ана үйі» қорының үйлестірушісі Көгаршын Жәлелова осы кездесудің барысында аналар үйінде тұратын жас аналардың тағдырлары жөнінде, сонымен қатар, олардың тұрмыстық жағдайлары, жиі кездесетін қиыншылықтары туралы әңгімелеп берді.
Тағдырдың түрлі сынақтарына қарсы тұрып, тұрмыстың ауыртпалығын нәзік жандарымен көтеріп жүргендердің алтын уақытын қиып, жылу сыйлауға келген департамент қызметкерлеріне айтар алғысы шексіз еді. Өйткені, сананы тұрмыс, тұрмысты ақша билеген заманда осындай істермен қайырымдылықтың өлшемі өзгергендей көрініп тұрады емес пе?!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар