Қазақстандағы 100 жаңа есім

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек», – деп заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасын ұсынған-ды. «Жаңа есім» жобасы қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тапты.
1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстанның 100 жаңа есімі анықталып, Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті.
Елбасы жобаға қатысушыларға әлемде болып жатқан өзгерістер жөнінде айтып, қазіргі жағдайларға бейімделу қажеттігіне назар аудар-
ды. Жаһандық өзгерістер дәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігін атап өтіп, оны іске асырудың аралық нәтижелеріне тоқталды. Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жоба туралы да айтып, бұл үрдістің басты мақсатын атап өтті.
– Бүгінде ғылым және мәдениет туралы ақпараттың 70 пайызға жуығы ағылшын тілінде таралады. Біз үш тілде білім беруге көшетінімізді жарияладық. Жастарымыз қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Латын қарпіне көшу дамып келе жатқан ортақ ақпарат әлеміне енуімізге мүмкіндік береді, – деді Елбасы.
Елбасы сонымен бірге «Жаңа гуманитарлық білім» және «Туған жер» жобаларының іске асырылу барысына тоқталды. – Біз егер қазақ тілінің дамуы туралы айтар болсақ, әлемнің үздік білімін ана тілімізде алуымыз керек. «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы аясында үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару мәселесі қарастырылған. «Туған жер» жобасы бойынша мынаны айтуға болады. Патриотизм туған үй мен туып-өскен өңірден басталады. Біз кіші Отанымыз арқылы бүкіл Қазақстанды сүйеміз. Қазір елімізде меценаттар туған жеріне барып, балабақша, мектептер мен ауруханалар салып жатыр. Жалпы алғанда, бүгінде осы бағытта 720-дан астам жоба іске асты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесуде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде ой бөлісіп, өздерінің жетістіктері туралы айтты. Елбасы жобаның бірнеше қатысушысының жеткен жетістігімен танысып, қазақстандықтардың тұлғалық тұрғыдан дамуының маңыздылығын атап өтті. – Сөз сөйлегендердің барлығы туралы фильм түсіріп, кітап жазуға болады. Адамдар одан шабыт алады. Шын жүректен құттықтаймын. Жастарымыз мақсатқа қарай талпынуға
тиіс, – деді.
Кездесу соңында Елбасы «Казақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушыларға арналған арнайы фотокөрмені аралап көрді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар