Әр шара табысқа ынталандырсын

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі болып өтті. Күн тәртібі бойынша ең әуелі өңір басшысы Ақмола облысы делегациясының Қытай Халық Республикасының Хэбэй провинциясына жұмыс сапарымен барған қорытындысы жайлы хабарлама жасады. Кеңесте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтудің қорытындылары және Тәуелсіздік күнін мерекелеуге дайындық барысы қаралды. Биылғы жылдың желтоқсан айының жұмыс жоспары бекітілді.

2017 жылдың қараша айының 25-30 күндері аралығында Қытай Халық Респуб-ликасында облыс әкімінің басшылығымен болған делегация сапарының қорытындысы қарастырылды. Сапар барысында
Хэбэй провинциясының губернаторы Сюй Цинь тараптардың бауырластық мәртебесі негізінде бірнеше шараларды жүзеге асыруды ұсынған.
Пекинде инвестиция, сондай-ақ, өнеркәсіп құрылымдарының өкілдерімен тоғыз іскерлік кездесу өткізілді. Қытай Халық Республикасының «CITIC» Wang Jiong ірі мемлекеттік инвестициялық корпорациясының президентімен туризм, ауыл шаруашылғы, құрылыс, тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымдары, машина құрылысы және астықты тереңдете өңдеу төңірегінде әріптестік мәселелері талқыланды.
Электр энергиясын қалдықсыз өндіру және жоғары технологияларды пайдалану барысында әлемдегі көшбасшылардың бірі болып саналатын «Shenwu» компаниясының жетекшілерімен инновация және жылумен қамтамасыз ету жайында пікір алмас-ты. Ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын «Longyuan Shiying Machinery Production Co.Ltd», «YTO Group», «Huanghai Jinma Tractor», «Longtai Shandong» компания-
ларымен мәселелер жан-жақты, тиянақты талқыланды.
Қытайдың шетелдік экономикалық әріптестік ұлттық корпорациясы азаматтық құрылыс, су тазалайтын қондырғылар мен облыс орталығындағы қолжетімді тұрғын үй құрылысына қызығушылықтарын білдіруде. Облыс әкімі Қытай Халық Республикасына жасалған сапар кезінде келісімге келген компаниялармен байланыс-
ты нығайту жөнінде тапсырма берді.
Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай өткізілген шаралардың қорытындылары мен Тәуелсіздік күні мерекесіне дайындық туралы облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова айтып берді. Басты ұлттық мерекеге орай 2500 шара өткізіп, 450 мың адамды қамту межеленіп отыр. Мерекелік шаралар «Ел жүрегі – Астана» айдарымен Астананың 20 жылдығын тойлау концепциясы шеңберінде үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанынан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін үзбей жүргізілмек. Шаралар қорытындысында салтанатты жиын өткізіліп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан адамдар мемлекеттік наградалармен марапатталатын болады.
Желтоқсанның 6-сы күні Мемлекет басшысының қатысуымен индустриалды телекөпір барысында Степногорск қаласының Ақсу кентіндегі «Kazakaltyn Technology» акционерлік қоғамының алтын өндіретін фабриканың ашылу рәсімі өткізіледі.
Желтоқсанның 9-ы күні «Астана – ел тірегі» атты ақмолалықтардың акциясы өткізілмек. Оған оқу озаттары, құрметті еңбек ардагерлері, жастар арасындағы белсенділер қатысады. Дәл осы күні Бурабай поселкесінде тұңғыш рет құсбегілердің халықаралық турнирі өткізілмек.
Мерекелік шаралар шеңберінде концерттер мен шоу бағдарламалар өткізу межеленіп отыр. Еліміздің және облысымыздың тәуелсіздік жылдары қол жеткізген, табысын айшықтайтын шаралар қатарында музейлерде, облыстың архив мекемелерінде көрмелер ұйымдастырылады.
Тәуелсіздік күні облыста өндірістік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік саладағы 21 нысан пайдалануға беріледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар