Жүргізушілер игілігіне жаратылады

Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Тұңғыш Президент күніне орай, төртінші шағын ауданда пайдалануға берілген автокөлік кешенінің ашылу рәсіміне қатысып, жиналған жұртшылықты мерекемен және жаңа кәсіпкерлік нысанымен құттықтады.

«Авто-Лидер» деп аталатын автокөлік кешенінде автокөлікті жуу, дөңгелектерін қалпына келтіру тәрізді қызметтер қарастырылған. Оған қоса, 55 көлікке арналған ашық алаң, жабық автотұрақ пен 20 орындық дәмханасы бар.
Кешеннің иесі, кәсіпкер Хасан Абухажиевтің айтуынша, нысанның ашылуына қалалық әкімдік қолдау білдірген. Осының арқасында жергілікті 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылғалы отыр.
Шарада қала әкімі Тұңғыш Президент күні мерекесінің маңыздылығын айта келе, кешенде автокөлік иелеріне барлық жағдай жасалынып отырғанын атап өтті. Нысанның лентасын еңбек ардагері Тоқтамыс Сағиев пен кешен қызметкері Мария Ысмағұлова қиды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар