Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесі

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласына жұмыс сапарының аясында инвестициялық бағыттағы компаниялар тобының жетекшісі, Қытайдың сыртқы сауда кеңесінің вице-президенті Дэвид Чоумен кездесуі өтті.

Кездесу барысында бидайдың сабанын кешенді өңдеумен айналысатын жоғары технологиялық зауыт құрылысын салудың нақты мүмкіндіктері талқыланды.
– Бұл зауыт іске қосылған жағдайда жылына 15 мың тонна биомасса, 34 мың тонна целлюлоза, 45 мың тонна биоотын, 11 миллион текше метр биогаз, 2 миллион тонна органикалық сұйық тыңайтқыш өндіретін болады. Бұл өнім облысымыздың ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысын толық қанағаттандырады. Салынатын инвестиция көлемі 300 миллион доллар болады деп күтілуде. Кәсіпорын қоршаған ортаға залал келтірмейді. Жобаны жүзеге асыру арқылы 600 отандасымыз жаңа жұмыспен қамтылар еді, – деп атап өтті облыс әкімі Мәлік Мырзалин.
Ақмола облысының делегациясы Гонконг сауда қауымдастығы миссиясымен және Қытайдың оңтүстік провинциясының бизнес өкілдерімен кездесті.
Өз кезегінде қытайлық кәсіпкерлер қазақстандық өнімдерге, оның ішінде «Көкшетау минералды сулары» АҚ өндірген TURAN суына қызығушылық танытты. Гонконг пен елдің оңтүстік провинциясы – Гуандунда 100 миллиондай халық тұрады.
Тараптар маркетингтік талдау жүргізіп, қазақстандық өнімді сатудың бірлескен стратегиясын жасауға уағдаласты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар