Үздік аймақтық брендтер анықталды

Тәуелсіздік мерекесіне орай «Жасыл болашақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Ақмола облысының аймақтық брендтері» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті.

Байқау үздіктері «Өндірістік саладағы үздік бренд», «Азық-түліктегі үздік бренд», «Инновациялық өндірістегі» және «Туған жер» номинациясындағы үздік бренд» аталымдары бойынша анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімінде сөз алған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов барлық қатысушыларды еліміздегі басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, амандық-саулық тіледі. Қазіргі таңда облысымыздың барлық салаларда әлеуеті артып келе жатқаны, бұл ретте шағын және орта бизнес иелерінің қосып отырған үлесі зор екені Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтановтың, «Жасыл болашақ» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішеваның құттықтау сөзінде де тілге тиек етілді.
Осылайша «Тыныс» акционерлік қоғамы, «ENKI» кәсіпорны «Ақмола облысының өндірістік саласындағы үздік аймақтық бренді» номинациясы бойынша марапатталса, «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын өнімдер азық-түліктің үздік бренді деп танылды. Сонымен қатар, осы аталым бойынша «AQMOL» дүкендер желісі де марапатқа ие болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында еңбектері еленіп, қошеметке бөленген кәсіпорындардың қатарында жуырда Степногорск қаласында ашылған косметика шығарумен айналысатын «GENOME» компаниясы да бар. Салтанатты шара кезінде «Ересектерге арналған білім» қоғамдық бірлестігі де «Рухани жаңғыру» аталымының жеңімпазы деп танылып, барлық қатысушылар естелік суретке түсті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар