Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Осы таңдауым өзіме ұнайды - АРҚА АЖАРЫ

Осы таңдауым өзіме ұнайды

Өзім Жамбыл облысының Амангелді ауылында туып- өстім. Жастайымнан ауыл шаруашылығы техникасын жүргізуге және осы саланың жұмысын жеңілдетуге құштар болдым. Осы арманым Астана қаласындағы Қазақ агротехникалық университетіне алып келді. Жоғары оқу орнын 2008 жылы тәмамдағаннан кейін инженер-механик мамандығы бойынша туған өңірімнен жұмыс таба алмадым.

Сөйтіп, Астана қаласындағы жекеменшік компанияларда еңбек еттім. Әр мамандықтың өз ішкі құпиясы және баспалдағы болады. 2014 жылы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуді жөн көріп, Дамса ауылындағы «Сағым-Бидай» серіктестігіне механизатор болып жұмысқа орналастым. Мұндағы техникалардың көбі шетелдікі. Бригадада жеті «Джон-Дир» және екі «Класс» комбайны бар.
Университет қабырғасында білім алғанда Ресейде жасалған техникалармен жұмыс істеуді үйрететін. Ал, шетел техникасының қыр-сырын механизатор Азамат Өтепов ағайдан үйрендім. Серіктестік дәнді және майлы дақылдар өсірумен айналысады. Бригадада отыздан астам адам еңбек етеді. Биылғы жылдың жаз айларында мен 7900 гектар алқапты химиялық жолмен өңдедім. Оған қоса, егін орағында «Джон-Дир» комбайнымен 1650 гектар алқаптың астығын бастырдым. Мұндай өнімді комбайнмен жұмыс істеу Ресейдің техникасынан гөрі жеңіл.
Электр дәнекерлеуші Василий Вашкин, слесарьлар Болат Балтабеков пен Николай Федосеев техникамыздың тұрып қалмауына көп көмектесті. Техникаларды арнайы ангарға қойдық. Көктем айларында жөндеу жұмысына кірісеміз. Қазір механикалық қырман маңындағы жатақханада тұрып жатырмын. Мұнда монша мен асхана жұмыс істейді. Үш мезгіл тегін тамақ беріледі.
Міне, осылайша ауыл шаруашылығы жұмыстарына төселіп, еңбегімнің жемісін көрудемін. Бұған жоғары оқу орнында алған білімім де көмегін тигізді. Алдағы мақсатым өзіме сеніп тапсырылған техника қуатын тиімді пайдалана отырып, жұмысымда бұдан да жоғары көрсеткіштерге жетсек деймін.
Асқар ЖЫЛЫСБАЕВ,
механизатор.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар