Жастардың тәлімгері

Шын мәнінде мемлекеттік қызметшінің қалыптасу жолы оңай емес. Қоғамда «Мемлекеттік қызметші» түсінігі әр саладағы қызметке байланысты қалыптасады. Әрбір азамат күнделікті өмірде мемлекеттік қызметшімен бетпе-бет жолығып жататыны белгілі.

Мемлекеттік қызметші мәртебесі туралы пікір әркімде әртүрлі қалыптасады. Қоғамның назарын жақсы қасиеттерімен көзге түсіп жүрген мамандарға аударуды жөн көріп отырмыз. Мемлекеттік органдарда қызмет жасау қоғам тарапынан оларға ерекше сенім арту болып табылады. Менің түсінігімдегі мемлекеттік қызметші тек атқарушы және заңға сүйенгіш азамат қана емес, жауапты тұлға болып табылады. Ол Әдеп кодексінің нормаларына сай келуі тиіс және тәртіпті, адал, әділ және сыпайы болуы керек. Қоғамның өзгеру сапасы, оның игілігі әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмыс сапасына байланысты. Мемлекеттік қызметшілер мемлекет пен халықтың арасындағы байланыстырушы буын. Азаматтардың мемлекеттік аппаратқа деген көзқарасы дәл осыған байланысты. Сондықтан да, әр мемлекеттік қызметшінің міндеті – еліне адал қызмет ету.
Рымбек Әбдіхалық Ақмола облыстық көлік бақылау инспекциясында 20 жылдан астам бас маман болып еңбек етуде. Осы мерзім ішінде инспекция бірнеше мәрте қайта құрылып, атауы да өзгертілді. Басшылары ауысып, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Алайда, заман қанша құбылса да кейіпкеріміз өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқара білді.
Ол өз еңбек жолын әуелде жұмысшы мамандығынан бастады. Алғашында экскаватор мен бұрғылау қондырғысының машинисі болды. Отбасын құрды. Уақыт өз дегенін істететіні бар. Рымбек Әбдіхалық өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып, білікті маман атанды. Осының бәрі қажырлы еңбектің, шыдамдылық, еңбексүйгіштік пен жауапкершіліктің арқасында келген.
Бүгінгі таңда ол есеп-қисап жұмысын жүргізеді, халыққа қызмет көрсету орталығымен жұмыс істейді. Бұдан бес-алты жыл бұрын табиғаттың құбылмалы ауа райына қарамастан, облыстың жолдарына шығатын. Көлікті бақылау инспекторының жұмысы ауыр. Ол көлік заңнамалары талаптарының сақталуына бақылау жасап, адам өмірінің қауіпсіздігін және жолдың дұрыс болуын қамтамасыз етеді. Рымбек Әбдіхалықтың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Көлік комитеті мен облыстық инспекция басшылығының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен бірнеше мәрте марапатталып, омырауына «Құрметті автокөлікші» төсбелгісін таққан азамат. Бүгінгі таңда білікті маман жастарға ақыл-кеңес беріп, өз тәжірибесімен бөлісуде.

Ботагөз ЗҰЛҚАРНАЕВА,
облыстық көліктік бақылау
инспекциясының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар