Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік саланың абыройлы белесі - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік саланың абыройлы белесі

Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту жайына әрдайым жете көңіл бөлініп отырады. Әлеуметтік сала әрқашан еліміздегі басым бағыттардың бірі болып келді және солай болып қала бермекші. Әлеуметтік саланы дамытуға арналған түрлі бағдарламалар қабылданып, бюджеттен оған қыруар қаржы бөлінуде. Соның арқасында жыл өткен сайын халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмыс дәрежесі көтеріліп келеді. Міне, сондай бағдарламалардың бірі ретінде 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламаны атап өтуге болады.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде үш бағытта жұмыс жүргізіліп, мемлекет тарапынан оны жүзеге асыру үшін 4,9 миллиард теңге қаржы қарастырылған болатын. Екі қолға бір күрек таппай жүрген мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға және жеке кәсібін ашқысы келетіндерге қаржылай қолдау көрсету арқылы көмектесуге бағытталған бағдарлама жылдық кестеге сай орындалуда. Биылғы жылға бөлінген қаржы жылдың соңына дейін 99,9 пайыз көлемінде игеріледі деп күтілуде. Енді осы бағдарламаның орындалу барысына толығырақ тоқтала кетейік.
Бағдарламаның «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіби біліммен, қысқа мерзімді оқу курстарымен қамту» бағдары бойынша 6230 адамды оқыту жоспарланған болса, қазіргі күні 6302 адам кәсіби білім алуға және қысқа мерзімді курстарда оқуға тартылды. Сөйтіп, бұл бағдар 101,2 пайызға артығымен орындалып отыр. Тарата айтар болсақ, техникалық және кәсіби оқуға алдын ала жоспарланғандай, 1190 адам тартылды. Оқу биылғы жылдың 1 қыркүйегінде басталған болатын. Еңбек нарығында сұранысқа ие қысқа мерзімді курстарда оқуға 5040 адам тартылуы жоспарланған еді, ал, іс жүзінде 5112 адам оқытылуда. Сөйтіп, белгіленген жоспар 101,4 пайызға орындалды.
Жоғарыда аталған бағдарламаның тағы бір маңызды бағдары «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» болып табылады. Қазіргі нарық заманында кәсіпкерліктің экономикамыздағы алатын үлес салмағы уақыт өткен сайын өсіп келеді. Осыған орай, шағын және орта бизнесті дамыту бүгінгі күні мемлекеттік маңызы бар мәселе болып саналады. Ел ішінде өз кәсібін ашқысы келетін адамдар аз емес, бірақ та істі қалай бастау, жүргізу қажеттігін жете білмейтіндер көп. Аталмыш бағдарламаның аясында «Бастау бизнес» жобасы қолға алынып, 938 азамат кәсіпкерліктің әліппесін оқып үйренді. Сонымен бірге, өз кәсібін ашқысы келетіндерге шағын несие беру арқылы қолдау көрсету бағытында да біраз жұмыстар атқарылды. Бағдарлама шеңберінде 399 азаматқа жалпы ауқымы 2,9 миллиард теңге көлемінде шағын несие беру жоспарланса, қазіргі күнге дейін 457 адам 2,4 миллиард теңгенің шағын несиесін алды.
2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының үшінші бағыты – «Еңбек нарығын тұрғындарды еңбекпен қамту және еңбек ресурстарын оңтайландыру арқылы дамыту» бағдары бойынша да бірқатар шаруалардың басы қайырылды. Жоспар бойынша 3517 адам жұмыспен қамтылуы тиіс болса, іс жүзінде 4175 адам еңбекке орналастырылып, жоспарланған меже 118,7 пайызға орындалды. Жыл басынан бері 2763 адам қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 694 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Сондай-ақ, 718 адам жастар тәжірибесі шеңберінде жұмысқа жіберілді.
2017 жыл да аяқталып қалды. Жыл айырығында тұрып, өткенге ой жіберіп қарасақ, біраз шаруалар атқарылып, ойға алған жоспарларымыздың басым көбі жүзеге асқан екен. Мыңдаған адам күнкөрістік жұмыс тауып немесе өз кәсіптерін ашу үшін қажетті білім алды және шағын
несие түріндегі қаржылық қолдауға ие болды. Жоғарыдағы аталған бағдарлама шеңберінде көптеген азаматтар бизнестің әліппесін үйреніп, өз кәсібін ашуға мүмкіндік алса, жүздеген адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандық бойынша оқып, білім алды. Бұның бәрі біз үшін күнделікті атқарып жатқан кәсіби міндетіміз десек те, соның астарында мыңдаған жандардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту жолындағы ұмтылыс тұрғанын атап өткен артық болмас. Қиналғанға қол ұшын беріп, көмек көрсетуден артық қуаныш бола ма. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби міндетінің өзі жұртшылыққа қуаныш сыйлау екендігін мақтанышпен айта кеткеннің артықтығы жоқ.
Алдағы келе жатқан жаңа жыл баршамызға игілік пен береке әкелетін жақсылықтың бастауы болсын деп тілеймін.

Дина АХМЕТЖАНОВА,
Ақмола облыстық еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар