«Набережная» жобасының қолды болған қаржысы

Ақмола облысының арнайы прокурорларының анықтауымен 170 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғандар жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау мәселесімен айналысқан «М-Строй Проект» ЖШС-і және мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС-нің басшылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған қаражат 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін Набережная жағажайын салуға бөлінген. Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салу, яғни, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша айыптаушылардың мүлкін тәркілеумен қоса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен қамауға алынды.

Тергеу барысында Астана қаласында қылмыстық жолмен алынған 95 миллион теңгенің коммерциялық жылжымайтын мүлкі табылды.

Прокурорлар Набережная жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектіден жымқырылған ақшаға атқарылғаны анықталды.

Сол себепті, күдіктілердің бірінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, яғни, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, іс бойынша соңғы нүктені сот қоятын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар