Прокурор назары
Көкшетау қалалық прокуратурасы «Damu bala» электрондық платформасында спорт секцияларындағы кезекті негізсіз тоқтату фактісі бойынша талдау жүргізді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ағымдағы жылы Көкшетау қаласының аумағында орналасқан балалардың спорт секцияларына кезек 5 қаңтарда ашылуы тиіс болатын.
Алайда, уәкілетті орган осы уақытқа дейін кезекті ашпаған, бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзушылық болып табылады.
Қалалық прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде спорт секцияларына қабылдау кезегі ашылуына қол жеткізілді, сөйтіп, 3,8 мың баланың құқығы қорғалды.
Ақмола облыстық прокуратурасы.
![]()

