Ысырапшылдықты болдырмау – міндет

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын зор міндеттер бәрімізге маңызды шаруаларды білгірлікпен бірлесе атқаруға жол ашып отыр. Соның бірі – ысырапшылдыққа жол бермеу. Ақмола облысында мұсылман діні бойынша марқұмды жерлеу және оның дұғаларын беру рәсімдерін ретке келтіру ортақ бәтуа арқылы жолға қойылғалы отыр.

Степногорск қаласындағы Паң Нұрмағамбет Сағынайұлы атындағы мешітте аумақтағы дін өкілдері, ақсақалдар алқасы, ардагерлер Кеңесі және қоғамдық бірлестік өкілдері, сонымен қатар, жалпы жамағаттың қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері туралы» бәтуа кітабын негізге ала отырып, қала және оған қарасты елді мекендерде жаназа мен дұғаларда берілетін ас дастарқанында ысырапшылдыққа жол бермеуге және оны тоқтатуға қатысты келелі кеңес болып өтті. Басқосуға қатысып, пікір білдіргендердің бәрі аталған ұсынысты қолдап, тұрғындар арасында насихаттауға атсалысатынын айтты.
Сөйтіп, биылғы жылдан бастап барлық қоғамдық тамақтандыру орындарында жаназа және діни жоралғыларға орай берілетін ас кезінде етті турап әкелу, дастарқан мәзірінде көрсетілген тамақ түрлерін ғана ұсыну қажеттігі жөнінде шешім қабылданды. Барлық діни жоралғылар мен жиындарда ысырапшылыққа жол бермеу жөнінде уағыз-насихаттар айтылып отыруына, жоғарыда қабылданған шешімдердің тиісінше орындалуына Степногорск қалалық ардагерлер Кеңесі, «Халық қазынасы» қоғамдық бірлестігі және Паң Нұрмағамбет Сағынайұлы атындағы мешіт қадағалау жасайтыны келісіліп, бәтуа жасалды.
Мұсылмандықтың ақ жолынан таймаған жамағатымыз рухани жағынан жаңарып, заман талабына сай өркендеу өмір талабы екенін жете түсінеді деген сенімдеміз.

Полатбек ЖАНБАЕВ.
Степногорск қаласы.
Суретте: мешіттегі кездесу.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар