Көкшетауда полиэтилен құбырларын шығарумен танымал «Тыныс» акционерлік қоғамы еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады. Бүгінгі таңда зауытта құрастырылып шығарылған полиэтилен құбырлары, теміржол, коммуналдық, мұнай саласына қажетті қосалқы бөлшектер мен қазіргі заман талабына сай бронды кеудешелер тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. Осы орайда, су құбырларын бір-біріне жалғайтын бөлшектердің макетін жасаудың шебері Салтанат Ысмағұлованың еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Суретте: құрастыру шебері Салтанат Ысмағұлова.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.