Күріштің салафаннан жасалатыны рас па?..

Күн сайын ұялы телефоныма, яғни, соның ішіндегі «What`s up» деп аталатын әлеуметтік желіге таныс адамдардан ондаған хабарламалар түсіп жатады. Кейбіреулеріне әзіл-қалжың толы видеолар болғаннан кейін уақыттың тығыздығынан аса назар аудармай қоя салсам, ал, кейбіреулерінде кәдімгідей маңызды ақпараттар айтылғандықтан, керек болады ғой деп соңына дейін қарап шығуға тырысамын.

Байқасам соңғы уақыттары осы әлеуметтік желі арқылы «анау тағамды жемеңіздер, денсаулыққа зиянды» деген хабар таратушылар саны көбейіп кетті. Енді денсаулыққа зиянды дегесін сол келіп түскен видеоларды өзіміз де жақындарымызға SMS арқылы жолдағанша асық боламыз. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, не нәрседе де абай болғанымыз дұрыс қой, әрине. Өткенде тағы да «What`s up»-қа күрішті қытайлықтардың біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген кәдімгі салафаннан жасап жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Сөйтсек, аспан асты еліндегі беймәлім бір цехта жұмысшылар салафанды қызып тұрған қазанда балқытып, одан кейін оны тағы бірнеше өңдеуден өткізіп, әлгіні күріштің формасына келтіреді екен. Видеода тұтынушылардың салафаннан өндірілген күрішті сатып алып, үйлеріне әкелгеннен кейін оның жеу-
ге жарамсыз екенін қалай байқағандары туралы айтылады. Тұтынушылардың дені ресейлік азаматтар болғаны жайлы да видеода анық байқалады. Демек, жалған күріш өнімі біздің елімізге әкелінбеген шығар деп болжадық та қойдық.
Алайда, салафан күріштің біздің дастарханымыздан табылмайтынына сенімді болуымыз үшін осы мәселемен облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарластық. Телефон желісі арқылы өрбіген әңгіме барысында қазіргі таңда әлеуметтік желілерде сапасыз азық-түліктер жайлы ақпараттар көптеп таратылып жатқанын, соның ақ-қарасын қалай ажыратып алуымызға болатынын сұрадық. Бұған қоса, жас та, кәрі де көбінесе кинотеатрға барғанда кино көріп отырып жеу үшін сатып алатын дәмі тіл үйіретін поп-корндардың адам ағзасына зияны, оны жеген адам психикалық ауытқуға ұшырайтыны туралы да дәрігерлердің бейнежазбалары шыққанын айтқанымызда, департаменттің бөлім басшысы Үміт Таңдаева:
– Сапасыз өнімдердің саудаға шығарылуына тосқауыл қою біздің бас-
ты міндетіміз. Сол себепті, сіздердің өтініштеріңіз бойынша алдағы ақпан айында департамент мамандары тексеріс шараларын жүргізетін болады. Әсіресе, тұтынушылардың үрейін туғызып отырған күріш пен поп-корнның сапасын анықтауға жіті назар аударатын боламыз, – деп жауап берді. Аталған азық-түліктердің сапасына қатысты тексеріс шаралары аяқталғаннан кейін біз де оқырмандарымызға міндетті түрде оның нәтижесін айтатынымыз анық.
Осы орайда айта кетсек, өткен жылы департамент мамандары 334 сауда орнында тексеріс жүргізген. 3093 азық-түлік тауары зерттеліп, нәтижесінде 532 немесе барлық зерттелген тауарлардың 17,2 пайызы санитарлық талаптарға сай келмейтіні анықталған. Тұтынушыларға осындай санитарлық талапқа сай емес азық-түлік өнімдерін ұсынушылардың арасында Ресей, Қытай, Түркия, Қырғызстан секілді шет елдік компания-
лармен қатар, өзіміздің отандық тауар өндірушілер де бар. Департаменттің тексеріс шаралары нәтижесінде сапасыз өнімдер сөрелерден алынып тасталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған көрінеді.
Қандай қызметте, қай жерде жүрсек те, бәріміз де тұтынушымыз. Дана халқымыз «Ас – адамның арқауы» деп текке айтпаған ғой. Біздің денсаулығымыз ішіп жүрген асымызға тікелей байланысты. Әсіресе, соңғы жылдары дүкен сөрелерінде жаңадан пайда болған азық-түлік тауарлары, оның неден жасалатыны, құрамы қандай екенін біліп отыруымыз қажет. Балаларымыз дүкенге барғанда қолымыздан тартып, міндетті түрде алғызатын балалар шоколады «Kinder»-дің өзінде адам ағзасына зиян улы зат бар екені айтылып жүр. Сонда біз нені тұтынуымыз қажет? Осы жөнінде айтарыңыз бар ма, оқырман?..
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар