Ашық сайлауда сайланады

«Жас Отан» жастар қанаты орталық кеңесі Қазақстанда тұңғыш рет онлайн режиміндегі ашық сайлау өткізбекші. Оған тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Сайлауға қатысатын үміткердің жасы 16-29 жас аралығында болуы керек.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 20-31 қаңтар аралығында өз пікірі мен жаңа идеялары және әлеуеті мол, белсенді, жігерлі жастар мына төмендегі сілтеме бойынша https://goo.gl/forms/hREIWLqXE3uUgZWq1. тіркелуіне болады. Сайлаудың екінші кезеңінде, 1-15 ақпан аралығында instagramm әлеуметтік желісі арқылы үміткер өз есебінен бейне-үндеу жазып және оны орналастыруы керек. Сайлауалды үндеуін ұсынған үміткер «Жас Отан» жастар қанатының жұмысына қатысты өз ой-пікірлері мен көзқарасын білдіре отырып, Қазақстандағы жастар саясатын дамытуға қатысты ұсыныстарын жасайды. Үшінші кезеңде кандидаттарға әлеуметтік желідегі жеделхат арқылы онлайн режимінде дауыс береді. Дауыс беруге «Жас Отан» жастар қанатының Орталық дерекқорында тіркелген жастар ғана қатыса алады. Сайлау қорытындысы бойынша «Жас Отан» жастар қанатында Ақмола облысының өкілі кім болатыны анықталады. Нәтижелері ағымдағы жылдың 2 наурызында «Жас Отан» жастар қанатының ресми сайтында жарияланады. «Жас Отан» Орталық кеңесінің жаңа мүшелері Жарғыға сәйкес, төрт жыл мерзімге сайланады.
Егер бұрын кеңес мүшелері «Жас Отан» съезінде сайланып келген болса, қазір онлайн режимде ашық сайлау арқылы сайланады. Осылайша «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты ашықтық пен айқындылықты көрсетуге ниет білдіруде.
Айта кету керек, «Жас Отан» Орталық кеңесі ұйым қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды, жастар ортасында туындайтын өзекті мәселелерді шешу жолдарын зерттейді, сондай-ақ, елдің барлық аймақтарының жастарының мүддесін билеуші партияның назарына ұсынады.
Қазіргі кезде «Жас Отан» жастар қанатының қатарында 126 мыңнан астам адам бар.
Сұлтанбек БЕКІШЕВ,
«Нұр Отан» партиясы жанындағы
«Жас Отан» жастар қанаты
Ақмола облыстық
филиалының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар