Қолөнер шебері

Көкшетау қаласында орналасқан «БЛЭК» ЖШС ағаштан қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысатын өңіріміздегі айтулы кәсіпорындардың бірі. Серіктестік өнімдері тұрмыста да қолданылады және сыйкәде ретінде де пайдаланылады. Мұнда өз істерін жетік білетін он саусағынан өнер тамған мамандар еңбек етеді. Солардың бірі – Наталья Шалкина.
Ол «БЛЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лак жағу цехында 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді. Алғашқы жылдары тәжірибелі әріптестерінен өз мамандығының қыр-сырын үйренді. Қазіргі кезде Наталья айына 500 данадан астам өнімге лак жағады. Өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын жас маманның еңбегі елеусіз қалған жоқ. Бүгінгі таңда оның фотосуретін кәсіпорынның Құрмет тақтасынан көруге болады.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар