Балқыған темір тетікке айналады

Көкшетаудағы «Тыныс» акционерлік қоғамы облысымыз-дағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады.
Зауытта темір жол, авиация және ауыл шаруашылығы саласына қажетті қосалқы бөлшектер шығарылады. Өнімдер негізінен темір балқыту цехындағы пештер арқылы қайнатылып, құйылады. Қазіргі кезде цехтағы темір балқытушылар үш ауысыммен жұмыс істейді. Бір ауысымда төрт жүз данадан астам темір бөлшектері құйылады. Осында үш жылдан аса уақыт еңбек етіп келе жатқан металл балқытушы Жангелді Әбдірахмановтың (суретте) шеберлігін ерекше атап өтуге болады. Өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқаруда.
Қызуы 1,5 мың градустық ыстық пеште балқытылып құйылатын шойын және түрлі-түсті металл өнімдерінің сапасы да жоғары. Сол себепті, өнімге тапсырыс көп.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар