«Ақмола облысының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2018 жылға арналған негізгі міндеттер туралы» облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің ЕСЕБІ

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жүргізіліп жатқан жаңғырту үрдістерінің логикалық жалғасы саналады және «Қазақстан-2050» даму стратегиясын іске асырумен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен тікелей өзектес.
Мемлекет басшысы барынша дамыған 30 елдің қатарына ену үшін еліміздің дамуына қажетті негізгі 10 басымдықты белгіледі.
Қорытындысында, алға қойылған мақсаттар нақты тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.
Елбасының жаңа бастамаларының аясында өткен жылдың қорытындылары қазақстандықтардың нақты көрсеткіштерге бейімделуінің және дамудың жаңа шындығына негізделген реформаларды сәтті іске асыруға дайындығының көрінісі болып табылады.
2017 жыл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табысты жыл болды.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісінде оң өсім байқалды.
Салаға 257 миллиард теңге инвестиция тартылды (6,1% өсіммен), мұның ішінде
14,9 миллиард теңге – сыртқы инвестиция (35,1% өсіммен).
Іске асырылып жатқан үкіметтік және мемлекеттік бағдарламалар құрылыс жұмыстарының көлемін 115,9%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, осы орайда республика облыстарының ішінде екінші орынға ие болдық.
426,4 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өсім 16,9 пайызды құрады.
Орташа айлық жалақы 5,5%-ға өсіп, 110184 теңгені құрады.

ӨНЕРКӘСІП

Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының басымдықтарына сәйкес облыстың өнеркәсіптік секторын дамыту жалғасуда.
2017 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар 545,5 миллиард теңге сомасына тауарлық өнімдер өндірді, бұл 2016 жылғымен салыстырғанда 89,9 миллиард теңгеге артық.
Қайта өңдеу өнеркәсібінің деңгейін жоғарылату жағына трендті қосу жүргізілді – 72%-дан 80%-ға дейін.
Өңдеу саласының артуын қамтамасыз ететін салалар – машина жасау (өсу 16,7%), тағам өнеркәсібі (12,9%), химия (10,8%), құрылыс материалдары (20,5%) болды.
«Altyntau Kokshetau» ЖШС жобалық қуаттылығына шығуы тауарлық өнімді молайтуға айтарлықтай үлес қосты.
«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (жүк тасымалдау автомобильдерін құрастыруды өткен 2016 жылғымен салыстырғанда 33,6%-ға ұлғайтты), «ЕПК-Степногорск» АҚ (подшипниктер 2016 жылғымен салыстырғанда 34,6%-ға артық шығарылды), «Тыныс» АҚ (2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсу 1,7 есеге), «Қамқор- Локомотив» АЭРЗ ЖШС бөлімшесі (локомотивтерді күрделі жөндеуді 1,5 есеге арттырды), «Агример-Астық» ЖШС (өсімдік майын өндіруді 40,8%), «КазШпал» АҚ (құрылыстық мақсаттар үшін бетоннан заттар шығаруды 1,4 есеге арттырды) кәсіпорындары өндіріс қарқынын арттырды.
Тау-кен секторында «Өркен-Атансор» ЖШС темір рудаларын өндіру көлемін 11,2%-ға, «Қазақалтын» ТКК АҚ құрамында алтыны бар рудалар шығаруды –25,6%-ға арттырды.
2017 жылы қайта өңдеу өнеркәсібіне 30 миллиард теңгенің инвестициясы бағытталған немесе ол 2016 жылғыдан 106,2%. Қайта өңдеу саласының өсуіне Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру ықпалын тигізді.
Облыста 2010 жылдан бері 254,2 миллиард теңгенің 79 жобасы іске асырылды, ол 8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Оның ішінде 41 жоба жоғары қосымша құнмен өнім шығаруды қамтамасыз етсе, 26-сы экспортқа шығаруға бағдарланған.
2017 жылдың қорытындысы бойынша 95,4 миллиард теңгенің 7 жобасы іске асырылып, 1119 жұмыс орны құрылды.
Аса ірі жобалардың бірі -– Біржан сал ауданындағы цемент шығару зауытының («Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС) іске қосылуы болып табылады, оның жылдық қуаттылығы 2 миллион тонна.
Елбасының қатысуымен өткен Жалпы ұлттық телекөпір барысында «Қазақалтын» концернінің рудниктерінде техногендік минералдық заттарды қайта өңдеу бойынша алтын шығарудың үш фабрикасы іске қосылды.
Сондай-ақ, Степногорск қаласында минералдық шикізатты қайта өңдеу бойынша алтын шығару фабрикасы іске қосылды («Инвест-РТ» ЖШС), Целиноград ауданында күнделікті пайдаланылатын аяқ киім өндіру желісі («SAMHAT» ЖШС), Степногорск қаласында ауыл шаруашылығы малдары үшін вакциналар өндіру бойынша инновациялық жоба іске асырылды («BIOTRON GROUP») ЖШС).
Жалпы, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде іске қосылған нысандардың үлесі 50% құрайды (2016 жылы – 39,7%), қайта өңдеу саласында – 57% (2016 жылы – 49,8%).
Индустрияландыру картасына қатысушы кәсіпорындардан мемлекеттік бюджетке 40,7 миллиард теңге қаржы түсті, ол салықтың жалпы түсімдердің 30,4% құрады.
2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қайта өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі 2016 жылдың сәйкес кезеңінің 5,2%-ын құрайды (5,5 миллион теңге/адам). 2017 жылы іске асырылған кәсіпорындардың жобалық қуаттылыққа шығуы қайта өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 7%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2018 жылы өнеркәсіптің қайта өңдеу секторын дамыту бағыты жалғастырылатын болады.
Ең алдымен, Бұланды ауданындағы жылына тірі салмақта 60 мың тонна ет өндірілетін бройлерлерді өсіретін құс фабрикасының құрылысы («Макинка құс фабрикасы» ЖШС), Астрахан ауданындағы қуаттылығы 5500 тонна етті қайта өңдейтін кешен («BavariaProduct АПК» ЖШС), Зеренді ауданындағы құс фабрикасы («BIic Terminal» ЖШС), Көкшетау қаласындағы жылына 300 бірлікке дейін комбайн жинақтау-өндіру ұйымы («Вектор» КЗ» ЖШС) сияқты ірі жобалар іске аспақ.
Елбасының Америка Құрама Штатына ресми сапары аясында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС американдық «AmityTechnology» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аmity егістік кешендері кәсіпорнының өндірістік қуаттылығында жинау туралы лицензиялық қорытындыға қол қойылды. Аталған кешендерді құрастыру 2018 жылдың наурыз айына жоспарланған.
Ақмола облысына Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрінің және беларусь компаниялары өкілдерінің ресми сапары шеңберінде 2018 жылдың 6 ақпанында «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС базасында бірқатар ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалардың модельдік қатарын ұлғайту туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, жақын арада «Каик» ЖШС мен «Ростсельмаш» ААҚ (РФ) арасында Buhler маркалы тракторлар құрастыру бо-йынша лицензиялық келісімге қол қойылатын болады.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ

Аграрлық секторды дамыту бойынша барлық іс-шаралар нарықта бәсекелестікке қабілетті және сұранысқа ие өндірісті қамтамасыз ету міндеттерін қамтамасыз етуге бағытталған.
2017 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 383 миллиард теңгені құрады.
Жүргізілген іс-шаралардың жиынтығы барлық қажетті агротехникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беріп, 5,3 миллион тонна астық жиналды (орташа алынған өнім гектарынан 12,2 ц/га құрайды). Осы орайда, жалпы жиналған астықтың 80%-дан астамы 3-класты құрайды. 2017 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 8,6 миллиард теңге несиелік қаражат бөлінді, бұл 2016 жылдың деңгейінен 3,1 миллиард теңгеге артық. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы құрылымдарына мұнай терминалдарынан 135 мың тонна құны жеңілдетілген дизельді жанар-жағар май жеткізілді.
Өңір ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының қажетті сұрыптарымен толық қамтамасыз етілді – 520,4 мың тонна тұқым себілді.
1,1 миллион тонна шөп дайындалды (жылдық қажеттіліктің 100,7%), сүрлем – 133,4 мың тонна (124,4%), картоп – 281,1 мың тонна (гектарынан 153,6 центнерден өнім алынды) және көкөністер – 60,8 мың тонна (гектарынан 141,5 центнерден).
Азық-түлікпен ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығына ерекше назар аударылады.
Есепті жылда мал шаруашылығында өнім өндірудің өсімі 3,3% құрады.
2016 жылғымен салыстырғанда ірі қара мал басы 1,4%-ға, құстар- 16,4%-ға өсті.
Ет өндірісі 6,9%-ға, сүт – 1,8%-ға, жұмыртқа – 8,4%-ға артты.
Елбасы Жолдауында еңбек өнімділігін айтарлықтай ұлғайту үшін шикізат өңдеуді қамтамасыз ету қажеттігі және жоғары сапалы өніммен әлемдік нарықтарға шығу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
2017 жылы 80,7 миллиард теңге сомасына тағамдық өнімдер өндірілген немесе ол 2016 жылдың деңгейіне 112,9%. 23 мың тонна ет өнімдері өндірілген (өсу 22,5%), 22,3 мың тонна өсімдік майы (өсу 69,1%), 426,7 мың тонна ұн (өсу 12%).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінен экспорттың көлемі 2017 жылдың 11 айында 224,4 миллион АҚШ долларын құрады, өсу 2016 жылдың кезеңіне 25%-ға, оның ішінде өңделген түрде экспортқа шығаруға арналған өнімдердің үлесінде 16%. Дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды экспортқа шығару 14%, ұн – 9%.
Бұдан басқа, өнімнің сапалылығы мен экологиялық тазалығын сақтау үшін жұмыстар жүргізіледі, ол табиғи тағамдардың брендін жасауға мүмкіндік береді. Бүгінде облыста 80-ге жуық компания тағамдардан өңірлік брендтерімен экспортқа өнім шығаруда.
Қорғалжын ауданындағы «Астана-Агропродукт» ЖШС, Бурабай ауданындағы «Kaz-Beef» ЖШС еттен жасалған жартылай фабрикаттары, Целиноград ауданындағы «CapitalPrоjectsLTD» ЖШС «Курочка Ряба» құс еті мен құс етінен жасалған өнімдері, Зеренді ауданындағы «MilkProject» ЖШС сүт өнімдері, Біржан сал ауданының «Қазгер құс» компаниясының өнімдері, Бурабай ауданындағы «Бота-2015» ЖШС өсімдік майлары, Атбасар ауданындағы «InterTrade» ЖШС ұны шет елде (негізінен – Ресейде, Орта Азияда, Таяу Шығыста, Қытайда) үлкен сұранысқа ие.
Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жаңа кәсіпорындар іске қосылуда.
2017 жылдың қыркүйек айында «Аян» ЖШС (Аршалы ауданы) қуаттылығы тәулігіне 150 тонна макарон және 24 тонна макарон өнімдерін шығаратын цехты іске қосты.
«Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС жанынан 5 мың басқа арналған, ешкі сүтінен өнімдер шығаруға бағытталған асыл тұқымды шаруашылығы құрылды.
Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша да облыста белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы 35 ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылды, оның ішінде 30 сүт сатып алу бойынша және 5 ет дайындау бо-йынша, отбасылық бордақылау алаңдарын құру үшін 3241 бас ірі қара мал басы сатып алынды, екі мал сою алаңының жабдықталуы жетілдірілді, 10 сүт тасымалдау автокөлігі, сондай-ақ, 2 рефрижератор сатып алынды.
2018 жылдың жоспарында тағы да 28 ауыл шаруашылығы кооперациясын құру және кооперацияға тартылатын жеке шаруашылықтардың мал санын 25 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.
2017 жылдың қараша айында Астана қаласында «AQMOL» тауарлық жүйесін құру бойынша жоба жүзеге асырылды, ол облыстың тауар өндірушілеріне бәсекелестік бағалары бойынша Астана қаласының нарығына делдалдарсыз шығуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 3 дүкен қызмет көрсетеді, ағымдағы жылы сауда нүктелерінің жүйесін 10-ға дейін кеңейту қарастырылған.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Облыстың басым бағыттарының бірі ол шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау.
Бұл салада облыстың белсенді тұрғындарының үштен бірі жұмыс істейді (30% немесе 129,7 мың адам).
Жұмыс істейтін орта және шағын бизнес субъектілерінің саны 41,7 мың бірлікті құрайды, ол өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың бірлікке артық.
2017 жылы кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3,2 миллиард теңге бөлінді, өңірлік үйлестіру кеңесі жалпы сомасы 27,2 миллиард теңгенің 142 жобасын қолдады.
Жалпы екінші деңгейдегі банктер кәсіпкерлерге 68,8 миллиард теңгенің несиесін берді, ол 2016 жылмен салыстырғанда 67,7% артық.
Облыстың кәсіпкерлер палатасы және «Даму» қорының өңірлік бөлімшесі қолдаудың қаржылық емес түрлі бағыттары бойынша 4446 адамды қамтыды, 16,7 мыңнан астам кеңестер берілді.
Бағдарламаның екінші бағыты – өнімді еңбекті дамыту және жалпы кәсіпкерлік бойынша 464 адам 2,6 миллиард теңгенің шағын несиесін алды, оның ішінде 190 адам бизнесін кеңейтуге, 274 – жаңа ісін ашуға.
Шағын несиенің айтарлықтай үлесі – 86,7% (402 шағын несие) мал шаруашылығын дамытуға берілді.
2017 жылы өңірлік үйлестіру кеңесімен құны 27,2 миллиард теңгені құрайтын 142 жоба қолдау тапты.
Кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау өндірілген өнім көлемін 20,6% (2017 жылдың 9 айында) ұлғайтуға, мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да түсімдерді 21% ұлғайтуға (35 миллиард теңге түсті) мүмкіндік берді, 6338 жаңа жұмыс орны ашылды.
Целиноград ауданының Қосшы ауылында елімізде жалғыз арнайы мамандандырылған, әлемдік стандарттарға сәйкес салынған жеке орталық мыңдаған терабайт ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және тапсыруға мүмкіндік берді (Қазақстанның аса ірі клиенттерінің электрондық мәліметтері). 4,5 миллиард теңге құнымен жобаның бастамашысы және ұйымдастырушысы еліміздің
IT-индустриясының көшбасшысы – «Intarget Solutions» ЖШС болып табылады.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2017 жылдың қорытындысы бойынша капитал салуда өсудің оң нәтижесі байқалады, инвестицияның өсуі 2016 жылғы деңгейдің 6,1% құрады.
Өңірдің экономикасына 257 миллиард теңге инвестиция салынған, оның ішінде 173,1 миллиард теңгесі экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған. Сыртқы инвестициялар 14,9 миллиард теңгеге дейін өсті.
Негізгі капиталға инвестиция құрылымында шағын үлесі кәсіпорындардың жеке қаражаты – 42,2% немесе 108,6 миллиард теңге, орталықтандырылған қаражат көзінің көлемі 40,9% құрады, қарызға алған қаражаттар – 9,8%, банктердің несиелері – 7,1%.
2017 жылы кәсіпкерлер институтымен және «Kazakhinvest» НК» АҚ өкілдігімен тығыз әрекеттесетін инвестицияларды тартатын және инновацияларды қолдайтын орталық ашылды. Облыстың инвестициялық стратегиясы әзірленуде.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
2017 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 800,5 миллион АҚШ долларын құрады, экспорт – 295,2 миллион АҚШ доллар, 31,7%-дан астамы 93,6 миллион АҚШ долларына өңделген тауарлар экспортына келеді.
Экспорттың басты бағыттары – Ресей Федерациясы және басқа да таяу шетелдер.
Бидай экспорты көлемі 4,3%, арпа 82,7%, подшипниктер 46,5% өсті. Облыстың дәстүрлі экспорт өнімдері қатарын құраушы өсімдік өнімдері болып табылады – күнбағыс тұқымының экспорты 2,1 есеге өсті, рапстың тұқымы – 1,3 есеге.
Ақмола облысы кәсіпорындарының азық-түлік өнімдерін тарату мақсатында, Ресей Федерациясының шекаралас орналасқан өңірлерінің дүкендер жүйесінде оларды сату мәселесі қарастырылуда.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2017 жылы 426,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 250 мың шаршы метр тұрғын үй жекеменшік тұрғын үй салушылардың үлесінде. 3647 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Тұрғын үй құрылысын дамытуға 38,7 миллиард теңге инвестиция жұмсалды. Негізгі басым бағыттар бойынша қолжетімді тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды:
– жалпы алаңы 10,2 мың шаршы метрді құрайтын кезекте тұрғандарға арналған 4 үй: Макинск (18 пәтерлік тұрғын үй), Ерейментауда (60 пәтерлік тұрғын үй), Степнякта (21 пәтерлік тұрғын үй), Степногорск қаласында (48 пәтерлік тұрғын үй);
– жас отбасыларға арналған 3 тұрғын үй – Көкшетау қаласында 7,8 мың шаршы метр тұрғын үй ( 30 пәтерлік тұрғын үйлер);
– сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 2 тұрғын үй – Жақсы ауылында (18 пәтерлік тұрғын үй) және Аршалы кентінде (45 пәтерлік тұрғын үй);
– ішкі несиелер есебінен 2 үй – 5 мың шаршы метр тұрғын үй Көкшетау қаласында (18 пәтерлік тұрғын үйлер);
– 3 несиелік үйлер – Көкшетау және Степногорск қалаларында 22,4 мың шаршы метр тұрғын үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы;
– 377,0 мың шаршы метр коммерциялық және жеке тұрғын үйлер.
Тұрғын үй құрылысы нысандарына арналып 8,1 шақырым инженерлік жүйе салынды.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жағдай жасалуда. Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен он төрт елді мекенде 8900 жеке тұрғын үй құрылысы объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге арналып 40 жоба дайындалды.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жылу қуаты инфрақұрылымдарын, жылу-сумен қамту және су бұру саласын дамытуға арналған 7 жобаға 6,1 миллиард теңге қаражат бөлінді және игерілді.
Есіл қаласында, Шаңтөбе кентінде жылу қазандығының құрылысы жалғасуда.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, бюджеттен 8,2 миллиард теңге бөлінді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Макинка (Ақкөл ауданы), Каменка (Астрахан ауданы), Садовое (Атбасар ауданы), Өркендеу (Қорғалжын ауданы), Шортанды (Шортанды ауданы), Күншалған (Ерейментау ауданы), Первомайка (Бурабай ауданы), Мамай (Біржан сал ауданы), 96 разъезд, Қабанбай батыр және Мәншүк (Целиноград ауданы) ауылдық елді мекендерінде 11 объектінің құрылысы аяқталды.
Нәтижесінде, 241,2 шақырым су құбырлары жүйелері реконструкцияланды және құрылысы салынды, 5200 адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Тасымалданатын суды пайдаланатын елді мекендердің саны 26-дан 22-ге дейін қысқарды, селоларды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 58,8% ұлғайды.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Жол-көліктік инфрақұрылымды дамытуға 2017 жылы 12,3 миллиард теңге бөлініп және игерілді, 235,6 шақырым жол жөнделді (реконструкциялау мен құрылыс – 13,3 шақырым, күрделі және орташа жөндеу – 114,3 шақырым, ағымдағы жөндеу – 108 шақырым).
Целиноград ауданындағы Родина ауылына баратын жолын, облыстық маңызды «Малый Барап-Кордон» автомобиль жолын реконструкциялау, Ақмол ауылына жақын орналасқан көше-жол жүйесінің (1,2,3,4 ықшам аудандар) құрылысы жұмыстары аяқталды.
Жалпы пайдаланатын 9 автомобиль жолының учаскелерінде күрделі және орташа жөндеумен 70,7 шақырым жол қамтылды («Аршалы-Ижевское» 5,1 шақырым, «Новый-Колутон-Ақкөл-Азат-Минское» 8,2 шақырым, «Шучинск-Николаевка» 7,3 шақырым, «Астана қаласын шығыс жағынан айналу Сарыоба стансасы» 6,5 шақырым, «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 16,5 шақырым, «Бузулук-Алматы» 10,5 шақырым, «Ақмол-Воздвиженка-Талапкер» 5 шақырым, «Балқашын-Шаңтөбе» 11,6 шақырым, «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» ойпаң жерлерді жою).
Көше-жол жүйесінің күрделі жөндеуі Көкшетау (Тәшенов көшесі), Степногорск (Парковая көшесі), Щучинск (Пролетарская көшесі) қалаларында, Целиноград ауданында (Қабанбай батыр, Қосшы, Тайтөбе, Максимовка, Софиевка, Шұбары, Қызылсуат ауылдарында) және Шортанды кентінде (Дзержинский көшесі), Сандықтау ауданы автомобиль жолдарының бес су өткізу қондырғылары жөнделді.
Орташа жөндеу жұмыстарымен Щучинск қаласының (Сейфуллин, Зеленая, Октябрьская) 43,6 шақырым автомобиль жолдары қамтылды.
Көше-жол жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жалпы алаңы 53 шақырым 16 елді мекенде, 2 қалада жүргізілді. Жергілікті маңызды автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөнделумен 55 шақырым қамтылды.
Жүргізілген іс-шаралар жергілікті маңызды автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесін 67,1% ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Жолдарды жөндеу және құрылысын салумен қатар жолаушыларды тасымалдау да дамып келеді. Жолаушылар автокөлігінің қатынасымен 100 адамнан астам тұрғындары бар 425 елді мекен қамтамасыз етілген (қамту 82,7%).
6 жаңа бағыт ұйымдастырылды, 3-еуі – ұзартылды және бұрын қолданыста болған 1 бағыт жұмысын жаңартты. Қосымша 14 елді мекенге автобус қатынауы ұйымдастырылған (Ақкөл ауданында аудан ішінде тұрақты жүретін автобус бағыты ұзартылды Ақкөл-Новорыбинка – 1 елді мекен – Құрылыс селосы қамтылған; Астрахан ауданында аудан ішінде тұрақты жүретін автобус бағыты ұйымдастырылған «Астраханка-Ұзынкөл» –
1 елді мекен – Ұзынкөл селосы қамтылған; Бұланды ауданында аудан ішінде жүретін автобус бағыты ұйымдастырылды – «Макинск-Қараөзек-Купчановка-Гордеевка-Новокиевка», 2 елді мекен қамтылған – Гордеевка және Новокиевка ауылдары. Егіндікөл ауданында аудан ішінде жүретін автобус бағыты ұйымдастырылды –«Ұзынкөл-Егіндікөл», 2 елді мекен қамтылған – Буревестник және Ұзынкөл. Ерейментау ауданында аудан ішінде жүретін автобус бағыты ұйымдастырылды –«Ерейментау-Ақсуат» – 1 елді мекен –Ақсуат ауылы қамтылған; Целиноград ауданында аудан ішінде жүретін автобус бағыты ұйымдастырылды – «Софиевка-Астана-Ақмол-Шалқар» 3 елді мекенді – Шалқар, Бірлік, Отаутүскен ауылдарын қамтиды және «Шұбар-Астана-Ақмол-Жаңа Жол» –
1 елді мекен –Жаңа жол ауылын қамтиды. Зеренді ауданында бұрын қолданыста болған бағыт жұмысын жаңартты, ол – «Зеренді-Исаковка»; Шортанды ауданында аудан ішінде жүретін автобус бағыты қайта жаңартылды – «Астана-Константиновка», Белоярка ауылына дейін және Белое озеро ауылы қолданыстағы ауданішілік
«Шортанды-Бозайғыр-Пригородное» бағытына қосылды.

ТУРИЗМ

Туристік саланы дамыту 2017 жылы туризм индустриясының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады. Туристік инфрақұрылымның жаңа 10 нысаны құрылды (4 қонақ үй, 4 демалыс аймағы, 1 қонақ қабылдау үйі, 1 балалар ойын-сауық орталығы ), оларда 111 жұмыс орны ашылды.
2017 жылдың 9 айында келушілер саны 266 мың адамды құрады. Көрсетілген қызметтер мен жұмыстардың жалпы көлемі 4,5 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде Щучинск-Бурабай курортты аймағында – 3,3 миллиард теңге, 7 % өсіммен.
Жылдың аса маңызды оқиғасы Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі болды, оған 100 мыңнан астам ақмолалықтар барды. Оның өтуі кезінде ойын-сауық және басқа да қызмет түрлері көрсетілген Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 10 мыңнан астам келушілер болды.
2017-2020 жылдарға арналған Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының 3-кезеңін іске асыру аясында инженерлік жүйе, жол және туристік инфрақұрылымдар құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Үлкен Шабақты көлінің жағасында 233 гектар аумақта жаңа курортты аймақтың құрылысын жүргізу жоспарланған (отель, демалыс және көңіл көтеру нысандары, инженерлік желілер, автожолдар).
Бурабай кентінде тұрғын үйлерімен, авто тұрақтарымен және кемпингтік аймақтарымен курорттық кешен салу жоспарланып отыр.
Щучье көлінің жағалауындағы Риксос қонақ үйі аумағынан премиум-класс курортты аймағы құрылатын болады. Қазіргі уақытта инвесторлар іздестірілуде (инженерлік ифрақұрылымдар тартылған).
Кіші Шабақты көлі аумағынан Ақылбай селосындағы 700 гектар жерге шетелдік инвес-торлармен бірлесе отырып, ат спорты кешені басталмақшы.
Инвестиция тарту мақсатында ірі отандық және шетелдік инвесторлар үшін 2018 жылдың ақпан айында Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту жобаларының арнайы тұсаукесері өткізілді.
Ішкі және көшпелі туризмді дамыту мақсатында «Ақмола облысында туристік саланы дамытудың жол картасын» жасау аяқталуда.
Оған туризм мемлекеттік жүйесін, көлік логистикалық, телекоммуникациялық инфрақұрылым аумағын дамыту, сондай-ақ, инвестиция тарту бағытындағы шаралар енгізілген.
Бурабай курортының жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету концепциясы аясында 20-дан астам бағытты қамтитын «Four seasons» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.

АУМАҚТЫҚ ДАМУ

Ауылдық елді мекендерде тұратын тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған 2020 жылға дейінгі Астана қаласы маңында орналасқан елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді іс-шараларын іске асыру жалғасуда.
Жоспарды іске асыруға 2017 жылы 7,4 миллиард теңге бөлінді. Бозайғыр ауылында электр қуатымен қамтитын жүйенің құрылысы (Шортанды ауданы), Қабанбай батыр ауылының су жеткізу құбырларының қосымша жалғаулары (2-кезек), 96-Разъезд ауылын сумен қамту жүйесінің тарату желілері (Целиноград ауданы) және 42-Разъезд станциясы (Аршалы ауданы), Целиноград ауданының Максимовка, Софиевка, Тайтөбе ауылдарының көше-жол жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
2017 жылы қаржыландыру құны 61,4 миллиард теңге болатын Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының 3-ші кезеңі бекітілді. Бурабай ауданы ІІБ-ның атты әскер взводы ғимаратының құрылысы аяқталды.
Астана қаласы маңында азық-түлік белдеуі аясында 10,9 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасы іске асырылды (5 астық қоймасы – 6,2 миллиард теңге;
2 жылыжай кешені – 0,8 миллиард теңге; 3 үктіру кешендері – 1,4 миллиард теңге;
2 жоба сүт өндіру бойынша – 2,5 миллиард теңге).
Шағын қала – Степногорскіні одан әрі дамыту мақсатында якорлық инвестициялық жобалар іске асырылды:
– «Ақсу кен орнында алтын шығару фабрикасының» құрылысы «Қазақалтын Technology» ЖШС құны 11,8 миллиард теңге болатын 103 жұмыс орны ашылды;
– «Бестөбе кен орнында алтын шығару фабрикасының» құрылысы «Қазақалтын Technology» ЖШС құны 9,8 миллиард теңге болатын 84 жұмыс орны ашылды;
Парковая көшесінің күрделі жөндеу, қала көшелері жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды (автобус павильондары орналастырылды, жол белгілері, жарықтандыру, абаттандыру), (4,3 шақырым).
Қалада вокзал маңы алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілді, жасыл желекті парк аумағында маусымаралық түрлі функционалды спорт алаңы ашылды.
2017 жылы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бұрындары бос тұрған 143 пәтерлік №17 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үй пайдалануға берілді (9-ықшам ауданындағы). 143 пәтерлік №52 тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша құрылыстық-монтаж жұмыстары басталды (7-ықшам ауданындағы).
Облыс орталығының бірінші кезектегі міндеттері кезең-кезеңмен шешілуде.
Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, 12 үйдің құрылысы жалғасуда.
Васильковка (5 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары), Центральный (8 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары), Юбилейный (8 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары) ықшам аудандарында аула аумақтарын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
22 балалар ойын алаңдарын орналастыруға облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді.
Қаланы санитарлық тазалау, скверлерді абаттандыру, көгалдандыру және оларды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы қаланың лифт шаруашылығын қалпына келтіру үшін 144,8 миллион теңге бөлінді, 19 лифт қалпына келтірілді.
Жаңа Неке сарайы салынды, онда салтанатты түрде некеге отыруға барлық қажетті жағдайлар жасалған.
«Жастар» және «Теміржолшылар» екі жаңа аллеясы пайда болып, «Бұқпа» тауындағы қарау алаңдары қайта жаңартылды, жаңа шіркеудің құрылысы жалғасуда, «Революция күрескерлері» мәдениет және демалыс паркі қайта жабдықталуда, қаланы сәндендіруге бағытталған басқа да шаралар іске асырылуда.
2017 жылы демеушілерден түскен 109 миллион теңгеге «Оқжетпес» стадионындағы футбол алаңы және дренажды жүйенің жабу алаңдары қайта ауыстырылды.
2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Көкшетау қаласындағы ТЭЦ құрылысының концепциялық жобасы жасалып, нысан құрылысына байқау жарияланды.
Канализация жүйесі және су құбырларының құрылысын аяқтау үшін жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БІЛІМ

Білім саласында мектепке дейінгі балалар ұйымдарының жүйесін кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылды, сапалы орта және кәсіби білім алуға жағдайлар жасалған.
2017 жылы жалпы саны 1896 орындық 23 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді (20 балабақша, 3 шағын орталық), бұл 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту көрсеткішін 97,7% жеткізуге мүмкіндік берді.
9 мектепке дейінгі білім беру нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Көкшетау қаласында 280 орындық екі балабақшаның құрылысы жалғасуда.
2017 жылы мектептердің 2,5,7 сынып оқушылары жаңартылған үлгіге көшті, облыстың 6 мыңнан астам ұстазы кәсіби шеберлігін жоғарылату курстарынан өтті.
Инновациялық «BlimLand» платформасы облыстың барлық мектептеріне қолжетімді, интернетке облыстың 533 мектебі немесе ол 94% қосылған, 411 жаңа мультимедиялық қондырғылар орнатылған.
2017 жылы Қызылсуат (Целиноград ауданы) ауылында 120 орындық мектеп пайдалануға берілді, Макинка қаласындағы №4 екі қабатты орта мектеп ғимараты балаларға арналған музыкалық мектепке, балалар шығармашылығы үйіне және коррекциялық сыныпқа бейімделіп қайта жабдықталды. Ағымдағы жылы 8 мектептің құрылысы және Көкшетау қаласындағы 3432 орындық №18 орта мектепке жапсарлас құрылыс жалғасуда.
Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары 41 орта білім беру нысандарында жүргізілді.
2017 жылы 1,1 миллиард теңгеге 850 мыңға жуық оқулық пен оқыту-әдістемелік кешендері сатып алынды.
Республикалық және халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыс- тарда облыстың оқушылары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, олар 60 медаль жеңіп алды, соның 48-і – республикалық деңгейде және 12-сі халықаралық деңгейде.
2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде 39 жұмысшы мамандығы бойынша 1190 студентті қабылдау іске асырылды. Қысқа мерзімдік оқыту курстарына 5 мыңнан жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар жіберілді.
Еңбекпен қамтылғандардың және мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық-кәсіби білім алғандардың үлесі 95,2% құрады.
Білікті кадрларды заманауи құрал-жабдықтар мен жетілдірілген қондырғылармен қамтамасыз ету үшін колледждердің 367 оқу-өндірістік шеберханасы, зертханалары және кабинеттері жетілдірілді.
2017 жылы алғаш рет облыстық бюджеттен жоғары білімді оқытушылар дайындау үшін, оның ішінде математика және табиғи ғылымдар бойынша 100 жалпы білім беру гранттарын тағайындауға қаражат бөлінді.
2017 жылы «WorldSkills» Ұлттық чемпионатта облыс колледждерінен команда республика бойынша үздік нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 1 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау саласының негізгі стратегияларының бірі салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады, медициналық көмекке қол- жетімділікті және сапасын жақсарту, өлім-жітім оқиғасының негізгі себебі болып табылатын сырқаттың диагнозын уақытында анықтау мен емдеу, сондай-ақ, кадрлық әлеуетті дамыту.
2017 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 16,2 миллиард теңге бағытталды, оның ішінде 11,7 миллиард теңге кепілді тегін медициналық көмек көлемі немесе 72,1%.
206 медициналық жабдықтар сатып алынды, соның ішінде эндоскопиялық, цифрлық жылжымалы мамография жүйесі, 33 санитарлық автокөлігі, 4 бірліктен жедел-жәрдем көмек қызметтеріне «АДИС» бағдарламалық кешені және мобильдік хирургиялық рентген-диагностикалық жүйесі С-дуга және тағы басқалары.
Нәтижесінде медицина ұйымдарын жарақтандыру 58,5% дейін өсті. 2017 жылы 4 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды.
Қан айналым жүйесі ауруларын сапалы диагностикалау үшін Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы мен Ақмола облыстық №2 ауруханасы базаларында 2 инсульт орталығы ашылды, олар 2 компьютерлік тамографтармен жабдықталған.
Облыс бойынша жаңа пилоттық бағдарламалар және жүйелер, үш нозология бойынша ауруларды басқару (артериалды гипертензия, қант диабеті және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі) сияқты бағдарлама және кешенді медициналық-ақпараттық жүйесі енгізілуде.
Жоғары технологиялы медициналық қызметті енгізу аясында облыстық онкологиялық диспансер базасында Астана қаласының жоғары білікті мамандарымен шағын инвазивті лапороскопиялық орта құру бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды, бірінші рет бүйректің қатерлі ісігінде органдарды сақтайтын ота-
лар жүргізілді.
Жүргізілген кешенді шаралар нәтижесінде әлеуметтік-маңызды аурулар өлім-жітімі төмендетілді, соның ішінде қан айналым жүйесі – 2,8%, онкопоталогия – 2,4 %, туберкулез – 22,2%. Туберкулез ауруының көрсеткіштері 8% төмендеді, қан айналым жүйесі – 26,5% .
Есепті жылда облысқа 384 медициналық қызметкерлер келді, оның ішінде 140 дәрігер. Дәрігерлер саны 1,2% көбейді (1793-тен 1815 дәрігерге дейін). Республиканың медициналық ЖОО-да облысымыздың шамамен 400 студенті білім алуда.
Келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 55 көтерме жәрдем ақысы (8,7 миллион теңгеге) және тұрғын-үй сатып алуға 65 несие (217,3 миллион теңгеге) берілді.
Облыста онкологиялық ауруларды басқарудың кіріктірілген үлгісін енгізу бойынша 2020 жылға дейін арналған жол картасы жүзеге асуда. Ағымдағы жылы Көкшетауда бір ауысымда 150 науқасты қабылдайтын онкологиялық емхана құрылысы басталады.
Медициналық ұйымдарға кадрларды тарту мақсатында облыс әкімінің шәкіртақысы мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттарына өңіріміздің 200 түлегі республикамыздың ЖОО-да білім алуда, 2017 жылы дәрігерлерге 20 пәтер бөлінді. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің базасында медицина факультетін ашу мәселесі қарастырылуда (150 орындық бакалавриат деңгейінде үштілде даярлайтын).

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК
2017 жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласында негізгі міндеттердің бірі экономиканың барлық салаларында жұмыс орындарын құру, азаматтарды өнімді жұмыспен қамтуға тарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде экономиканың барлық салаларында 12239 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 6913 – тұрақты.
Жұмыс орындарын қысқартудың алдын алу және сақтау мақсатымен облыс әкімдігі және жұмыс берушілер арасында өзара ынтымақтастық жөнінде 6112 меморандум жасалды.
2017 жылы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру деңгейі 92,3 % құрады немесе өтініш білдіргендердің арасынан 19677 адам жұмысқа орналастырылды.
Қолданылып жатқан тиімді шаралар «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша 27227 адамды қолдаумен қамтуға мүмкіндік берді, оның ішінде 17136 жұмыссыз азаматтар және 8901 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Жастар тәжірибесі бойынша 731 түлек жұмысқа орналастырылды, 704 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жалпы қоғамдық жұмыстарға 2795 адам қатысты.
«Тегін кәсіби-техникалық білім» аясында облыстың 18 колледжінде 1190 студент білім алуда, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 4801 адам қысқа мерзімді курста оқып шықты, 3112 жұмысқа орналастырылды.
Өз ісін ашу және кеңейту үшін 464 қатысушы 2,6 миллиард теңге сомасында несие алды.
Еңбек нарығында кешенді шараларды жүзеге асыру жалпы жұмыссыздық көрсеткішін
4,8 % деңгейінде қамтамасыз етті.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді. 2017 жылы мүгедектер 557 кресло-коляскамен, 888 тифло-сурдотехникалық жабдықтармен, 1502 протездік-ортопедиялық бұйымдармен, 3396 адам гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Санаториялық-курорттық емге 1646 адам бағытталды, «Инватакси» қызметімен 218 мүгедек қамтылды. Мүгедектердің мұқтаждары үшін сәулеттік ортаны қалыптастыру мақсатында төлқұжаттау және 1672 әлеуметтік инфрақұрылым нысанының бейімделуі жүргізілді. 128 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, мемлекеттік балалар жәрдемақысы – 6317 балаға, тұрғын үй жәрдемақысы – 2060 отбасына берілді, үйде оқытылатын және тәрбиеленетін 358 мүгедек балалар материалдық қамтамасыз етілді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Кәсіби өнерді, шығармашылықты, рухани мұраны сақтау, мәдени игілікті көбейту, қолдау және дамыту мәдениет саласындағы бірден-бір маңызды міндеттер болып табылады.
Ақмола облысының кітапханаларын жаңғыртудың 2016-2019 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 49, 2017 жылы – 15 кітапхана модельді мәртебесін алды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде Ақмола облысының мәдениет күндері өткізіліп, оған 2100 адам қатысты. 15 ірі іс-шаралар өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде жалпыұлттық мәдени мұраны байыту және сақтау жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Республикалық жобалық офистің жобалар тізіліміне 94 инфрақұрылымдық және әлеуметтік-мәдени кіші жобалар және іс-шаралар енгізілді.
«Қазақстанның 100 киелі орындары» тізіміне Ақмола облысынан 43 объект, оның ішінде 10-ы республикалық рухани киенің картасына және 33-і өңірлік картаға енді.
2017 жылы 82 миллион теңгеге 25 клубтық кәсіпорындар жөнделді. «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасы бойынша Қазақстан Рес-публикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ІІ республикалық форумда «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасын іске асыру бойынша Ақмола облысының оң тәжірибесі тыңдалды. «Киелі Қазақстан» энциклопедиясының І томының тұсаукесері өткізілді, оған Астана, Алматы қалалары және Алматы облысымен бірге пилоттық өңір ретінде Ақмола облысы қосылған. Энциклопедияның
І томына сыйынатын, қажылық ететін, рухани байыту орындары болып табылатын шамамен 200 киелі нысандар кірді.
Заманауи технологиялардың көмегімен – QR-кодтар арқылы Ақмола облысының киелі нысандарын ақпараттық цифрлау бо-йынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Қазақстанның барлық облыстары әртістерінің қатысуымен республикалық деңгейдегі 3 ірі музыкалық жобасы: «Гәккулеткен, аққу жеткен – Көкшетау» өңіраралық фестивалі, «Көкшетау – тал бесігім» халықаралық классикалық музыка фестивалі және «Ғасырлар үні» фольклорлық-этнографиялық фестивалі өтті.
Шығармашылық ұжымдар республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысты. Санкт-Петербург қаласында өткен «Красные маки Победы-2017» халықаралық өнер байқауында «Полянка» үлгілі би ансамблі Гран-при иегері атанды.
Облыстық театрлармен 36000 көрерменді қамтыған 383 спектакль қойылды, облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдарымен 25,2 мың адамды қамтыған 136 концерт өткізілді, облыс мұражайларымен 73,5 мың адам барған 2700 іс-шара өтті. 2017 жылы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын жандандыру мақсатында халықты сауықтыру жұмыстары жалғасты.
Облыста дене шынықтыру және спортпен 203758 адам немесе халықтың 27,6% шұғылданады. Ақмола облысында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға арналған 2355 спорт құрылысы бар, оның ішінде 1672-сі – ауылдық жерлерге тиесілі. Былтырғы жылмен салыстырғанда спорт нысандарының саны 54 бірлікке артты.
Шортанды кентінде жүзу бассейні және Балкашино ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Державинск қаласында стадион, Көкшетау және Степногорск қалалары мен Аршалы, Целиноград аудандарында 40-қа жуық спорт алаңы пайдалануға берілді.
Биылғы жылы Макинск қаласындағы жүзу бассейнінің құрылысы аяқталады, Астраханка
ауылы мен Ерейментау қаласында БСК құрылысы және Көкшетау қаласында спорт залы мен футбол алаңының құрылысы басталады, Бурабай ауданында Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзірлеу қарастырылған.
Салауатты өмір салтын дәріптеу және
насихаттау мақсатында облыста 279 мың адамның қатысуымен 3511 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Өткен жыл қысқы спорт түрлерінің өкілдері үшін халықаралық спорттық жарыстарға бай болды. Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы универсиадада біздің спортшылар
7 медальға (2 алтын, 4 күміс, 1 қола) ие болды, бұл Қазақстан спортшылары жеңіп алған барлық медальдың 20%-ын құрады. Жапонияның Саппоро қаласында өткен қысқы Азия ойындарына Ақмола облысынан 8 спортшы қатысып, 6 медаль жеңіп алды (1 алтын, 3 күміс, 2 қола).
Республикалық және халықаралық жарыстарда облыс спортшылары әртүрлі дәрежедегі 790 медальға ие болды. (2016 жыл – 769 медаль).

ЖАСТАР САЯСАТЫ

2017 жылы мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарын іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыс жалғастырылды.
Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 469,8 миллион теңге, соның ішінде облыстық бюджеттен 317,3 миллион теңге, қалалық және аудандық бюджеттен 152,5 миллион теңге бөлінді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына өткен жылы 7014 жас қатысты, оның ішінде 4281 жас ауылдық жерден. Жұмыспен қамту органдарымен 6655 жас жұмысқа орналастырылды. 161 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 644 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.
«Жасыл ел» жобасы аясында 983, студенттердің еңбек жасақтарының желісі бойынша 2620 жас жұмысқа орналастырылды.
Іске асырылып жатқан «Дипломмен ауылға!» жобасы 2017 жылы 60,5 миллион теңге сомасына 381 адамды көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етті, 331 қатысушыға 1,1 миллиард теңге көлемінде несие берілді.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3%-ға дейін төмендеді, бұл республикалық деңгейден 0,7% төмен, NEET жастардың үлесі – 7,7%, республикалық орташа деңгейі 8,2% құрайды. Жастарды қолдау және кадр тапшылығын төмендету мақсатында 2017 жылы облыс әкімінің атаулы шәкіртақысын иеленгендер саны 276 адамды құрады, оларға 101,7 миллион теңге көлемінде шәкіртақы төленді.
Облыста 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді, олар 42 мың адамның қатысуымен 1048 іс-шара ұйымдастырды, әртүрлі мәселелер бойынша 1362 жастар өкілдеріне кеңестер берілді.
«Студенттік көктем – 2017, жастар энергиясы» жыл сайынғы облыстық фестивалі, «Әскерге шақырылушы күні» патриоттық акциясы, «Akmola power» инновациялық идеялар мен жобалар облыстық байқауы, бірінші облыстық студенттік универсиада, жыл сайынғы облыстық «JAS_AQMOLA» жастар жүлдесі және тағы басқа жастар іс-шаралары өткізілді.
«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге біздің аймақтан 105 ерікті белсенді қатысып, жұмыста және өткізілген байқауларда тамаша нәтижелер көрсетті.

ТІЛ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТ

Ақмола облысында тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге бағытталған тіл саясаты жалғасуда.
2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 7,1%-ға артып, 71,1%-ды құрады. Облыстағы білім беру мекемелерінде қазақ тілінде білім алатын балалардың саны артты: мектепке дейінгі мекемелерде 56%-дан 60%-ға, мектептерде 47,6%-дан 48%-ға артты.
Биыл Целиноград ауданының Қаражар
ауылында қазақ тілінде оқытатын 120 орындық жаңа мектеп пен Көкшетау қаласында 900 орындық қазақ мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталады.
Облыста 20 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істеп жатыр, олардың 18-інде қазақ тілімен қатар ағылшын тілі де оқытылады. Орталықтардағы тыңдаушылардың саны 2 есеге артты, биылғы оқу жылында 5320 тыңдаушы оқып жатса, 2016-2017 оқу жылы бойынша 1686 адам курсты аяқтағаны жөнінде сертификат алды, оның 709-ы мемлекеттік қызметшілер.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі облыс бойынша 98,5%-ды құрады. 2017 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №261 қаулысымен облыстың мәдениет, спорт, білім мекемелерінің 4-еуіне: облыстық филармонияға – Үкілі Ыбырайдың, Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне – Балуан Шолақтың, Көкшетау қаласындағы №18 орта мектепке – Сәкен Жүнісовтің, №3 Ақкөл орта мектебіне – Жайық Бектұровтың есімі берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 605 Жарлығына сәйкес, Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталды.
Облыста саяси партиялардың 6 филиалы, 12-ден астам конфессияның 196 діни ұйымдары, 677 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының құрамында 53 этномәдени бірлестік, 2 Достық үйі және 2 орталық жұмыс жасайды.
Ассамблея 53 мың адамды қамтыған 237 іс-шара өткізді. Тұрғындарға ақпаратты 97 бұқаралық ақпарат құралы ұсынады, оның ішінде, 80 газет, 17 электронды БАҚ мемлекеттік саясаттың маңызды медиа-жүргізушілері болып табылады. Газет беттерінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша оқиғалар қатарын, сондай-ақ, Үкіметтің және Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бо-йынша басқа да құрылымдардың жоспарларын тұрақты жариялау қамтамасыз етілген (15 мыңнан астам материал).
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан және қала әкімдерінің, мемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ, ірі бизнес-құрылымдары мен қоғам өкілдерінің қатысуымен 100 брифинг және баспасөз конференциялары, облыс өңірлеріне мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және әртүрлі салаларда облыс жетістіктері бойынша 29 баспасөз туры өткізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің саны – 190.
2017 жылы 4066275 қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 123799, электронды түрде – 3 200694, қағаз түрінде – 741782.
Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бо-йынша 2600-ден астам түсініктеме беру іс-шаралары өткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан 2342 қызметкер өтті.
Жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша, Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі орташадан жоғары деңгейде болды және 2017 жылы 83,7% құрады.
Азаматтардың қажеттілігіне қарай мемлекеттік қызметтерді кешенді көрсетуді жүзеге асыру мақсатында, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін дамыту және «бір терезе» қағидасынан «бір өтініш» қағидасына көшу бойынша шара қолданылуда.
Атап айтқанда, облыста пилоттық режимде сәби тууы бойынша проактивті мемлекеттік қызмет іске қосылды (SMS арқылы). Қызметтің проактивтілігі SMS хабарламалардың көмегімен «электронды үкімет» порталы арқылы туу туралы куәлікті алу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою және жәрдемақылар тағайындау процестеріне бастамашылық жасауды қамтиды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, 2017 жылы Көкшетау қаласында автокөлік құралдарының иелеріне «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтерді ұсынатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл технологияларды қолдану мысалының бірі. Атап айтқанда, емтихан тапсыру процесі толығымен автоматтандырылған, көлік құралын басқаруға машықтануларын бақылау мен бағалаудың электронды жүйесі орнатылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 3 есеге қысқарды.
Халық арасында электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында «E-gov» қолжетімділік бұрышын ашу бойынша жұмыс жүргізілді, оларда азаматтар электронды мемлекеттік қызметті өздері ала алады.

ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ

Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында жергілікті полиция қызметін дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыс жалғастырылды.
Материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында 2017 жылы 20 бірлік автокөлік, облыс орталығы үшін 6 стационарлық бекет, 200 радиостанция, 460 бейнетіркегіштер мен арнайы техниканың барлық түрлері сатып алынды.
2017 жылы облыс аумағында қылмыстың жалпы 5% төмендеуі байқалды (12698-ден 12011-ге дейін), ауыр – 14%-ға (620-дан 535-ке дейін) және аса ауыр қылмыс түрлері – 3%-ға кеміді (77-ден 75-ке дейін).
Қоғамдық орындарда (5%-ға), көшелерде (20%-ға), мас күйінде жасалатын (9%-ға) қылмыстың саны азайды.
Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен жасалған маршруттар бойынша патрульдеу жүргізілуде. Есептік кезеңде жол-патрульдік полициясының қатысуымен көшелер мен қоғамдық орындарда жасалған 2700 қылмыс ашылды.
Кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізуді және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мәселелері бо-йынша білім мен денсаулық сақтау органдарымен жұмыс жалғастырылуда. Бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында 288 сауда қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін, 2524 ата-ана кәмелетке толмағандардың көңіл көтеру орындарында және түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нөлдік төзімділік принципіне сәйкес, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтың саны 10,5%-ға көбейді.

2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы аясында экономиканың барлық салалары үшін мультипликативтік әсерді қамтамасыз ететін жаңа экономикалық саясаттың басымдылығы цифрландыруды дамыту болып табылады.
2018 жылы стратегиялық маңызды құжаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыс одан әрі жалғастырылады.
1. Өнеркәсіп саласында инвестициялық мүмкіндіктерді ескере отырып, экспортты көздейтін жоғарғы қосылған құнымен жаңа жоғарғы технологиялық жобаларды іздестіру және жоспарланған мерзімге сәйкес, енгізілген нысандарды жоспарлы қуатына шығаруды қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.
1330 жаңа жұмыс орындары ашылатын, жалпы инвестиция сомасы 57,5 миллиард теңгеден асатын кәсіпкерлікті қолдау картасының 6 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.
Технологиялық жаңғырту және цифрландырумен байланысты бұрын жүзеге асырылған және енгізілуі жоспарланған шараларды ескере отырып, ірі кәсіпорындарда еңбек өнімділігі қамтамасыз етілетін болады.
Басымдылығы бар – металлургия, химия, құрылыс индустриясы және машина жасау секторларында өсім резервтерін барынша пайдалану маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Ол тұрақты жұмыспен, еңбекақының лайықты деңгейімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі міндеттер:
– егістік алқаптары құрылымын әртараптандыру аясында басым бағытқа ие дақылдар алқаптарын ұлғайту;
– егіншілік саласында «ақылды технологияларды» алға бастыру;
– мал шаруашылығы саласында жалпы табындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал басының үлес салмағын (16,9 %-ға дейін), бордақылау алаңдарының жүктемесін (55 %-ға дейін), сүт өндіру өсімін (3,5 %-ға), ет өндіру өсімін (3,0 %-ға) арттыру;
– ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттылығының жүктемесін (ет және сүт бойынша 65 %-ға дейін, майлы дақылдар бойынша 50 %-ға дейін) арттыру, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемін ұлғайту;
– кооперацияға 25 мың адамды тарта отырып, 28 ауыл шаруашылығы кооперативін құру;
– Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдерін: сүт өнімдері (112 мың тонна), ет және ет өнімдері – (28 мың тонна), жұмыртқа өнімін (270 миллион дана) жеткізу бойынша жоспарды орындау болып табылады.
3. Негізгі капиталға инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жалғастырылады (101 %
-дан төмен емес), соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту арқылы.
4. 360,8 мың. м2 төмен емес тұрғын үй алаңын пайдалануға беруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Облыс орталығын одан әрі дамыту және абаттандыру мақсатында «Жеке батыр» базары ауданындағы ескі саябақты қайта жаңарту бойынша жұмыс аяқталатын болады, Юбилейный шағын ауданында аула аумақтарын жөндеу, көп қабатты тұрғын үйлерде 2 лифтіні қалпына келтіру жүзеге асырылады, Абай-Тәшенов-Әуезов-Пушкин көшелерінде аулаларды жөндеу жұмыстары басталады.
5. Жобаларды жүзеге асыру есебінен ауылдық елді мекендерде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 59,5 %-ға дейін ұлғайтылады.
6. Астана қаласына және Щучинск-Бурабай курорттық аймағына іргелес елді мекендерді дамыту аясында, өмір сүруді қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады.
7. Азық-түлік тауарлары мен қызметтерге бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу маңызды міндет болып қала береді. Инфляциялық үдерістерді тежеуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.
8. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберіндегі қолда бар құралдар пайдаланылатын болады.
9. Білім беру саласындағы негізгі міндеттер:
– «3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту» көрсеткішін 98,2 %-ға дейін жеткізу;
– мектептердің 3, 6 және 8 сыныптарының жаңартылған білім мазмұнына көшуін қамтамасыз ету;
– технопарктерді құру бойынша қосымша білім беру орталықтарын, STARTаптарды, робототехниканы дамыту бойынша инновациялық алаңдарды жандандыру;
– еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын сапалы дайындау болып қала береді.
Ағымдағы жылы 3 ауысыммен оқытудың алдын алу мақсатында 900 орындық жаңа мектеп, №18 орта мектептің 420 орындық қосымша құрылысы пайдалануға беріледі. 560 орындық 2 бала бақшаның құрылысы бойынша жобаларды іске асыру аяқталады.
10. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласындағы келесі жұмыстар жалғастырылады:
– медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
– әлеуметтік маңызды аурулардан өлім-жітімді азайту мақсатында медициналық кадр-ларды жұмысқа тарту;
– денсаулық сақтау ұйымдарын қағазсыз жұмыс форматына көшіру, ол медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
11. Жұмыспен қамту саласындағы басты міндет жұмыссыздық деңгейін төмендету, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты өнімді жұмысқа тарту болып қала береді.
Ағымдағы жылы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша жұмыс жүргізіледі.
12. Спорт саласындағы міндеттер:
–халықты жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен қамтуды
28 %-ға дейін ұлғайту;
– спорттық инфрақұрылым желісін кеңейту мақсатында Макинск қаласындағы жүзу бассейнінің құрылысын аяқтау, Астраханка ауылы мен Ерейментау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Көкшетау қаласындағы спорт залының құрылыстары бойынша жобаларды жүзеге асыру.
– Щучинск қаласындағы Спорт сарайы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
– облыстың жетекші спортшыларының халықаралық жарыстарға дайындалуы және қатысуы болып табылады.
13. Ағымдағы жылы Степногорск моноқаласын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
14. Қазақстанды цифрландырудың перспективалық бағыттарының бірі қалалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған «Smart City Дамыту» тұжырымдамасын енгізу болып табылады. Біздің облыс экология және туризм салалары бойынша пилоттық жобаны цифрландыруды іске асырушы болып белгіленді. Цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы өндірістік процестердің тиімділігін едәуір дәрежеде арттыруға мүмкіндік береді.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша көзделген жұмыстарды одан әрі дәйектілікпен жалғастыратын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар