Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Береке биігіндегі Бурабай - АРҚА АЖАРЫ

Береке биігіндегі Бурабай

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауыловтың тұрғындар алдындағы қорытынды есепті кездесуі өтті. Аудан әкімі «Ауданның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген міндеттер туралы» баяндама жасап, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов сөз басын Президент Жарлығымен өткізіліп келе жатқан есепті кездесулердің маңыздылығын ашып көрсетуден бастады. Қорытынды жиналысқа дейін ауылдық округтерде тұрғындармен 56 кездесу ұйымдастырылып, шараға 3000-нан астам адам қатысыпты. Ондағы ұсыныс-пікірлердің барлығына түсініктеме беріліп, арнайы тіркеуге алынған. Бұларға жауаптар аудан әкімінің сайтында орналасқан. Сондай-ақ, өткен жылы аудан әкімінің бақылауындағы ұсыныстардың барлығы орындалғаны белгілі болды.
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аталатын Жолдауы курортты аймақтағы әрі көп салалы шаруашылық жүргізуші ауданымыздың еңбеккерлеріне тың жігер мен екпін қосатыны, маңызды құжатты талқылау барысында атап өтілді, – деді Қанат Серікұлы. Алға қойылған 10 міндеттің үдесінен шығуға ауданымыздың әлеуеті жеткілікті деп ойлаймын. Өткен жылдың қорытындысы бұған сенімді негіз бола алады. Өнеркәсіп саласында 30,7 миллиард теңгенің өнімі шығарылды. Өнім көлемінің артуы қайта өңдеудің қуатталғанына байланысты.
Мұнда мемлекеттік бағдарламалардың елеулі серпін қосқанын айтуымыз керек. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 4 миллиард 235 миллион теңгенің 18 жобасы мақұлданып, 465 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал, шағын және орта бизнес нысандары 926 жұмыс орнын құрып отыр.
Одан кейін салалар бойынша мәлімет берген аудан әкімі агроөнеркәсіп кешеніне көрсетілген көмектің қайтарымы еселі екендігіне назар аударды. Шаруалар қауымы былтыр субсидия түрінде мемлекеттен 708,2 миллион теңге ақшалай көмек алған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімін ұлғайтып, 27 миллиард теңге кіріс алуға жол ашыпты. Мал шаруашылығын дамытуда «Құлан», «Алтын асық», «Сыбаға» бағдарламаларының маңызы айрықша болды. Осы бағытта жұмыс істейтін аудандар елеулі түрде көбейіп отыр. Дәл осы жерде аудан шаруашылықтары шабындық пен жайылым алаңынан тапшылық көріп отырғаны айтылуы жиналғандар көңілінен шықты. Мамандардың есебі бойынша әлі де 28 мың гектар жайылымға сұраныс туындауы өзекті мәселе екендігі анық.
Баяндамада әлеуметтік даму, білім беру және денсаулық сақтау қызметіне жан-жақты талдау жасалды. Құрылыс саласындағы табыстар мен проблемалық жайлар да ашып көрсетілді. Біздің пайымдауымызша, бюджет кірістері ауданның өз табыстары есебінен 3022,1 миллион теңгеге жетіп, жоспардың 106 пайызға орындалуы бұл бағыттағы жұмыстардың жандана түсетінін аңғартады.
Бурабай мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды аймақ қана емес, курорттық-сауықтыру және туристік индустрияда да орны бар өңір. Оның үстіне, Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиадаға аттанған алты жерлесіміздің бесеуі Бурабай ауданының өкілі екендігі көп жағдайды білдірсе керек. Былтыр курортты аймақта құрылыс жүргізу және басқа әлеуметтік нысандарды қайта құруға бағытталған бюджеттік 7 жобаны іске асыру үшін 2,1 миллиард теңге бөлініп, ойдағыдай игерілген. 2018 жылы тағы да 4 жаңа жоба іске асырылмақ. Мұның қатарында ашық аквапарк, Сарыбұлақ ауылындағы ипподром құрылысы бар. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин қорытынды сөзінде ауданның 2017 жылғы оң қадамдарын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау көрсеткіші бойынша 6-шы орынға шыққанымен, облыс әкімімен жасалған меморандум шарттарын орындауда 2-ші орыннан көрінгенімен сипаттады. Әйткенмен, еліміз айрықша маңыз артып отырған аудан тұрғындарының алдында уақыт ағымындағы белсенді белгіленген екпінді міндеттерді мінсіз орындаудан туындайды. Заманалық шаруашылықты, өскелең өнеркәсіп индустрия-
сын жаңа – революциялық жаңғыртуларсыз әлемдік бәсекеге шығару мүмкін емес, деген облыс басшысы М.Мырзалин
аудан әкімдігінің алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

Бақберген Амалбеков.
Бурабай ауданы.

 

Ерейментау және Атбасар аудандары әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері болып өтті. Өз сөздерінде өңір басшылары аудандардың 2017 жылғы негізгі көрсеткіштеріне кеңінен тоқталып, жаңа жылға белгілеген межелері туралы айтып берді деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ерейментау ауданының әкімі Ермек Нұғыманов ауданда барлық салалар бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде екі инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Олар: Ерейментау қаласында №5 қазандық пен жылу желілерін қайта жаңарту және жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізу. Кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуға жұмылдыру жөнінде тұрақты жұмыстар қолға алынуда. Осы бағдарлама іске асырыла басталғалы 19 жоба мақұлданды.
Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Өлеңті орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу жобасы іске асырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ерейментау қаласындағы Автомобилистер көшесінде
коттедждер қалашығының құрылысын жүргізу қарастырылып отыр. 2018-2019 жылдары қалада 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және 45 пәтерлік екі тұрғын үй салу көзделуде.
Атбасар ауданына келсек, өңір басшысы Аманбек Қалжанов өткен жыл атбасарлықтар үшін бірқатар салалар бойынша табысты аяқталғанын атап көрсетті. Айталық, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 29 миллиард теңгенің деңгейіне жетті. Сөйтіп, ол 2016 жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға өсті. Ауданда 2392 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оларда алты мың адам еңбек етуде. Екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 700 миллион теңгенің несиесін берді. Өткен жылы сондай-ақ, Сепе және Бастау елді мекендерінің көшелеріне жалпы ұзындығы 1,7 шақырым электрмен жабдықтау желілері тартылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар