Ел дамуының мақсатты жолы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы кезекті Жолдауымен ынта қойып таныстым. Елбасы әдеттегідей, бұдан әрі даму басымдықтарын белгілеп отыр. Жолдауда бұған нақты жауаптар берілген.

Жолдау негізінен стратегиялық Ұлт жоспарының ажырамас бөлігі болып табылады және жаңғырту қадамдарын нақтылайды. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді перспективасын, сондай-ақ, Төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде біз не істеуіміз керек екенін айқындап берген. Төртінші өнеркәсіптік революция адамзат алдында, бірегей мүмкіндіктерін ашады. Жаңа технологияларды енгізу экологиялық ұстаным түбегейлілігін, өмірлік ұстанымдарын, жұмыс күші нарығын өзгертеді.
Давоста Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті Клаус Кебаб «Төртінші өнеркәсіптік революция» кітабын шығарды. Ол әлемде қандай феномен байқалатынын бейнеледі. Мемлекет басшысының Жолдауы адамзат алдында, бірегей мүмкіндіктерді ашатын шақырулардың жауабы. Сонымен қатар, төртінші өнеркәсіптік революция, оны индустрия 4.0. деп те атайды, жаңа жаһандық шақырулар тудырады. Осы Жолдауда еліміздің дамуының өзекті мәселелеріне толық жауаптар беріледі. Барлық ықтимал қатерлер мен қауіптердің алдын алуға шақырады. Төртінші өнеркәсіптік революция дегенде елдің жаңа келбеті туралы айтылуда, «Ақылды қалалар» өзіне жасалған мемлекеттік институттар, тиімді экономикалар, сандық технологиялар, зияткерлік көлік инфрақұрылымына тартады.
Жолдаудағы 10 негізгі міндеттердің шешімдері барлық дамыған елдермен қатар келе жатқан Қазақстанның болашағын айқындайды.
Елбасының индустрияландыру және сандық экономиканың біршама тапсырмасын бөліп көрсетуі маңызды. Шын мәнінде инновацияларды жетілдіруді енгізусіз ІТ саласында және инжинирингтік қызметте әлемдік нарықта сұранысқа ие, онсыз озық стандарттарға сәйкес келетін өнеркәсібіміз тиісті өнім өндіре алмайды. Цифрлық технологиялар ғасырында еліміздің ресурстық әлеуетіне дәстүрлі қарым-қатынасты қайта қарау қажет. Қазіргі таңда «жасыл экономикаға» көшу – энергияның тиімді экологиялық таза шешімдерін кеңінен енгізу, қайта жаңғыртылған энергия көздеріне көшу болып отыр.
Жаңғырту аграрлық саланы да қамтиды. Жолдауда ел Президентінің әр сөзі АӨК-нің дамыту бойынша, осы сектордың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өнімді шығаруына және шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етуіне ерекше назар аударылды. Бұл шешім міндетті түрде – АӨК-де қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін береді. Банктік несиелерді төмендетуге қарай тиімсіз субсидиялардан өту арқылы қаржыландыру саласына, ауылға көп көңіл бөлінуде. Жолдар мен су құбырлары салынуда, инфрақұрылым дамып келеді. Осы жылғы Жолдаудың Үшінші міндетінде тұжырымдалған шаралар агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерліктің өсуіне әкелуі тиіс. Мемлекет басшысы нақты мақсат қоюда. Ол – 5 жыл ішінде АӨК еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге көбейту. Бұған ауыл шаруашылығына «ақылды» технологиялар келген кезде қол жеткізуге болады. Басқаша айтар болсақ, үздік білім мен ғылыми жаңалықтар, отандық жағдайларға бейімдейтін екпіні күшті аграрлық университеттерде жасалады.
Жасыратыны жоқ, әзірге негізгі мәселе ауылда жұмыстың жоқтығы. Оны шешу үшін нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы іске асырылуда, ауыл тұрғыны білім алып немесе бизнеспен айналысып, өз әлеуетін жүзеге асыра алады. Осылайша біз ауылда қазіргі стандарттарға сай өндіріс құрамыз. Ең алдымен, әңгіме жастар туралы. Кәсіптік білім берудің мемлекеттік бағдарламасы тегін оқуға мүмкіндік береді. Адам әрі қарай жұмысқа орналасып немесе өз ісін бастауға несие ала алады. Мұндай қаржы, егер өз бизнесін дамытуға ниетті және ынтасы барларға беріледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы – Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елдерінің қатарына кіруін қамтамасыз етуге бағытталған, сол жаһандық міндеттерді іске асыруды жылдамдататын бағдарламалық құжат. Елбасы әрдайым ұлттық экономиканың өсуі мен нығаюына, шағын және орта бизнеске бұрын-соңды болмаған қолдау, агроөнеркәсіп кешеніне, банк секторына, көлік инфрақұрылымын дамытуға басты назар
аударды. Біз бүгінде «Цифрлық Қазақстан» жаңа бағдарламасына кірістік. Бұл ретте ерекше атап өткім келетіні, мемлекеттік саясат әрқашан әлеуметтік салаға бағытталған және бұл міндет жаңа Жолдауда айқын көрсетілген. Елбасы атап өткендей, 2016-2017 жылдары үш мәрте әлеуметтік төлемдер көтерілді, оның ішінде базалық зейнетақы – 29 пайызға, ынтымақты зейнетақы – 32 пайызға, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы – 28 пайызға дейін, білім саласы – 29 пайызға дейін, мемлекеттік қызметкерлердікі – 30 пайызға артты. Бұл оң үрдіс ағымдағы жылы да жалғасуда, әлеуметтік салада бюджет шығыстары 12 пайызға ұлғайтылды. Әр адам біліктілігі мен еңбек өтіліне байланысты зейнетақымен, жалақымен лайықты қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауында адами капиталдың дамуына үлкен назар аударылған, ең маңызды шарттарының бірі білім берудің жаңа сапасын қалыптастыру болып табылады. Құжатта білім беру жүйесін жеделдетудің өзіндік қажеттілігі атап өтілген. Мектепке дейінгі жастан жоғары – барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларының өз жемісін беруіне күш салынады. Жолдауда жаңа білім беру жүйесі өзінің инвестициялық жобалары және экспорттық әлеуетімен экономиканың жеке саласы ретінде ұсынылады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында адами капиталды дамыту және денсаулық сақтауға үлкен екпін береді. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау қымбат стационарлық емдеуге емес, аурулардың алдын алуға көп бағдарлануы тиіс. Салауатты өмір салтын насихаттауда қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейту керек. Негізгі назарды жастардың репродуктивті денсаулығын сақтауға аудару керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшкелі жатырмыз. Халықтың ортақ жауапкершілігіне, мемлекет және жұмыс берушілерге негізделген бұл қажеттілік қазіргі қоғамның дамуы, халықтың денсаулығын нығайту қажеттілігінен туындаған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың назарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі іске асыруға аударды. Елдің дамуында оның рөлін бағамдау ауқымы өте кең.
Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу туралы шешімі де дер кезінде әрі қажетті қадам болды. Бұл Қазақстанға интеграциялық процестерді әлемдік ақпараттық кеңістікке жеделдетуге мүмкіндік береді. Жаңа алфавит – бұл қазақстандық қоғамның жаңаруы ғана емес, әлемнің қазіргі заманғы қажеттілігі мен талабы, өйткені, бүгінгі күні жер бетінің 50 пайыздан астам халқы латын графикасын пайдаланады және 60 пайыздан астам ақпарат латын графикасымен беріледі. Латын графикасына көшу тарихи маңызға ие, ол мемлекеттік тілді дамыту және жаңғырту үшін қажет.
Жалпы, қорытындылай келгенде, Президент Жолдауында жақын арада елімізде жүзеге асырылуы тиіс барлық негізгі міндеттер айқындалған. Міне, сондықтан, Мемлекет басшысының саясатын толығымен қолдаймын.
Бағдат БОРҰМБАЕВ,
Атбасар аудандық мәслихатының
хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар