Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ДҰРЫС ТАҢДАУ – ТАРИХИ ШЕШІМ - АРҚА АЖАРЫ

ДҰРЫС ТАҢДАУ – ТАРИХИ ШЕШІМ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Тәуелсіздік тарихындағы тарихи шешімдердің бірегейі деп айтуға болатын үлкен қадам. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру стратегиялық тұрғыдан өз-өзін ақтап шығатынына кәміл сенемін.

Себебі, Қазақстан әлемдік ғылым-білім кеңістігіне енуді латын әліпбиі арқылы алғышарт етіп алып, тереңдетуді көздеп отыр. Әлем елдерінде әліпби реформалары ешқашан қарсылықсыз, талқылаусыз, пікірсіз бірден қабылданған жоқ. Бізде де қалыптасқан кирилл әріптерімен жазып, өзгеріссіз, өркениетке ермей, үйренген жолдан шықпай отыра беруді қолайлы деп есептейтіндер бар. Бірақ, латын әліпбиі заман талабы, бүгінгі әлемдік кеңістік қажет ететін дүние екендігін уақыт көрсетіп келеді.
Әліпбиді реформалау еліміз ұстанған ұзақ стратегиялық жоспардың, рухани жаңғырудың бір бөлігі ғана деп ойлаймын. Бірақ, рухани жаңғыру тұтас бағдарлама екенін атап кетуіміз керек. Мысалы, ұлттық сана мен ұлттық код тілден басталады. Тілдің тазалығы әліпбиге байланысты. Осы бағытта жаңа әліпби ең әуелі тіліміздің тазаруына, біздің кітапханамыздағы кеңестік кезеңнің кейбір керек емес әдебиетінің жаңа кітаптарға орын беруіне септігін тигізеді. Ең бастысы, жаңа әліпби ғаламтордағы ақпаратты қайта сараптауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, басқа да артықшылықтары бар. Мысалы, бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде 5 миллионға жуық қандастарымыз тұрады. Олардың жартысынан көбі латын әліпбиін пайдаланады. Сондықтан, осы талпыныс бар қазақтың басын қосуға бағытталған тағы бір игі іс екендігі даусыз. Кириллица әліпбиімен жазылған көркем шығарманы, кітапты онлайн конвертерлер бес минутқа жеткізбей латыншаға аударып беретінін тәжірибе дәлелдеп берді. Әрине, кемшіліксіз дүние болмайды. Бірақ, латын графикасына байланысты аздаған кедергілер мен кемшіліктер уақыт өте келе түзеледі деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын көрсеткіш деп қарауға болады. Сондықтан, күн тәртібінде өткір тұрған, қоғамда, зиялы қауым ішінде қызу талқыланып жатқан латын әліпбиі мәселесі жөнінде оң пікір білдіру әрбір қазақстандықтың парызы!

Қуаныш ҚОЖАБАЙҰЛЫ,
Жанайдар Мусин атындағы
жоғары педагогикалық колледжінің
қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар