Бірлік пен тұрақтылық жасампаздыққа бастайды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында партияның «Қазақстан 2050: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия отырысы болып өтті.
Жиынды облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов ашып, жүргізіп отырды.

Шараға «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия мүшелері, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық ауруханалардың және емханалардың бас дәрігерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде халықты қолжетімді және сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мәселелері қаралды. Отырыста Көкшетау қаласындағы орталық емхананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ырысты Сыздық сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттай отыра облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірқатар маңызды жобаларды қолға алғандығын баса айтты. 2018 жылдан бастап облыстағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жұмысы орталық емхананың еншісіне жүктелген.
– Осы бағыттағы жұмысты жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 98,7 миллиард теңге қаржы бөлініп, 141 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аталмыш орталықта 52 қызметші жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда штаттық құрамды қалыптастыру жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы қалалық орталық емхананың жанынан жаңадан орталықтар ашылатын болады, – деді ол өз сөзінде.
Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина сөз сөйледі. Бүгінде облыста Елбасының 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту қажет деген тапсырмасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмысы қарқын алып келеді. Қазіргі таңда облыс-та жүйелі түрде спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 204 мыңды, яғни, өңір тұрғындарының 27,6 пайызын құрап отыр. Облыста спортпен айналысу үшін арнайы 2355 спорт мекемесі бар. 2016 жылмен салыстырғанда спорттық нысандардың саны 54 бірлікке артқан. Ағымдағы жылы да бірқатар маңызды спорттық нысандардың құрылысы жоспарланып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар