Бәрін де сабырмен саралайық

Қазіргі әлемде болып отырған жағдайлар әрқайсымыздың көңілімізге қаяу түсірмей қоймайды. Десек те, мен балаларымның, немерелерімнің бейбіт елде өмір сүріп жатқанына шүкіршілік етемін.

Бүгінгі күні еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлем танитын мемлекетке айналды. Әлбетте, мұның барлығы елдегі тұрақтылық, халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болып отыр. Сондықтан да, ең алдымен, татулығымызды сақтап, береке-бірлігімізді жоғалтпауымыз қажет. Оған Елбасы өзінің биылғы Жолдауында да баса назар аударып отыр.
Өткен жылдарға зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен-өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нар тәуекел қажет болғанына көз жеткіземіз. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, қысқасы, барлық салаларда да дағдарыс болды. Ал, дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Десек те, сол қиындықтарды жеңіп шығуға қазақстандықтар бар күш-жігерін жұмсады. Сондықтан, қазіргі қиын кезеңде де еліміздің еңсесін биікке көтеріп әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енетініне сенімдімін.
Елбасымыз айтқандай біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы – елімізді жаңа биік белестерге жетелейтіні сөзсіз. Ол үшін барлығымыз күшімізді біріктіріп, сенімімізді нығайтуымыз қажет.

Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қалалық
ардагерлер ұйымының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар