Жастармен кездесіп, жағдайларына қанықты

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаевтың жастар ұйымдарының көшбасшыларымен және белсенділерімен кездесуі барысында елімізде жастар саясатын іске асыру және Орталық Кеңес мүшелерін сайлау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында төраға «Жас Отан» жастар қанатының жұмысы жайлы баяндап берді. Бүгінгі таңда жас отандықтар «Сана», «Даму», «Жүрек» деп аталатын үш бағыт бойынша жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Орталық Кеңес мүшелерін сайлау жүріп жатыр. Данияр Сүндетбаев кездесу барысында бүгінгі таңда жастарды толғандырып отырған бірқатар мәселелерге де қанықты. Қазіргі жастардың барлығы дерлік күн сайын әлеуметтік желілерді пайдаланатыны, алайда, оның жақсы жағымен қатар, залалын тигізетін тұстары да бары, ғаламтордағы ақпараттың сексен пайызы деструктивті және жарнама бағытындағы ақпараттар екені айтылды.
Айта кетейік, «Жас Отан» жастар қанатының Орталық Кеңесі елімізде тұңғыш рет онлайн режиміндегі ашық сайлау өткізбекші. Оған тұрғылықты жері мен жұмыс орнына қарамастан, 16-29 жас аралығындағы кез-келген жас қатыса алады. Сайлау қорытындысы бойынша жастар қанатының қатарына өтетін әр облыстың өкілі анықталады. Дауыс беру нәтижесі ағымдағы жылдың 2 наурызында «Жас Отанның» ресми сайтында жарияланады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар