Жолдау міндеттері бәрімізге ортақ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау мақсатында облыс орталығындағы Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінде дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Жиында Президенттің Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін барша қазақстандықтардың алдына қойып отырған он міндеті туралы айтылып, колледж оқытушылары стратегиялық құжаттағы әр сала бойынша өз ойларын ортаға салды. Тарих пәнінің оқытушылары Омар Ғабділмәжит пен Асылхан Мұқышевтың, химия пәнінің оқытушысы Шынар Омарованың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Зарина Жаңабаеваның аталған тақырыптағы мазмұнды баяндамаларын оқушылар зор ықыласпен ұйып тыңдады.
Колледждің кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған кітап көрмесінен де Президенттің бағдарламалық мақалалары, биылғы Жолдауы жайлы көптеген маңызды ақпараттарды оқып білуге мүмкіндік бар. Кітапханашылар рухани жаңғырудың маңыздылығы жайлы тереңірек тоқталып өтті. Дөңгелек үстел отырысының соңында қатысушылар пікір алмасып, стратегиялық құжаттың нақтылығына, айқындығына оң баға беріп, оны жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Эльмира ДОСЫМОВА,
Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің кітапхана меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар