Қазақ халқы Алғысқа әбден лайықты

Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімованың қатысуымен өткен Алғыс айту күніне арналған салтанатты шарада өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде өздеріне қамқор болған қазақ халқына шексіз ризашылықтарын білдірді және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Тағылымы мол шараға мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының, этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің өкілдері, еңбек ардагерлері және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енушілер, ынтымағы мен бірлігі жарасқан үлгілі отбасылар қатысты.

– Біздің ортақ ісімізге бейжай қарамай зор үлес қосып келе жатқан баршаңызға алғыс білдіремін. Алғыс айту күні – біздің елдің барлық азаматтарының бір-біріне деген сыйластығы, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек пен қолдау
күні, – деді облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімова құттықтау сөзінде.
Шара барысында ұлтаралық келісім мен түсіністікті ғана насихаттап қоймай, ауылының əлеуметтік мəселесін шешуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаны жомарт» қоғамдық алтын медалімен Есіл ауданындағы
«Ново-Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валерий Тюркин марапатталды. Ол шаруашылық қаржысы есебінен Юбилейный ауылында 2 тұрғын үй салып, 160 үйге орталықтандырылған газ тартып берген. Оған қоса, ауылішілік көшелерге де күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жалпы, бұл серіктестіктің ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарып жатқан игі істері жетерлік. Бүгінгі медаль соған лайықты марапат деуге болады.
Осындай игі істерімен танылып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген «СейНұр» фирмасы» ЖШС директоры Райхан Сейдалина, Егіндікөл ауданындағы «Сарымсақты» ЖШС директоры Оралбай Глашев, «Той дастархан» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская, Целиноград ауданындағы «BI Grop» ЖШС директоры Бауыржан Исабаев Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатына лайық деп танылды.
Сонымен қатар, шара барысында өңірде ұлтаралық бірлік пен түсіністікті дамытуға үлес қосқан бір топ этномәдени бірлестіктердің өкілдері Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатына ие болса, 15 этномəдени бірлестіктердің төрағаларына 200 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Шарада сөз сөйлеген Ақмола облысы поляктары қоғамдық бірлестігінің мүшесі Наталья Нагочевская қазақ отбасына келін болып отырғанын мақтан тұтатынын атап өтті.
– Маңдайыма қазақ жігітінің жан жары болу жазылды. Өз басым тағдырыма ризамын. Қазақтың жігітімен отбасын құрып, екі бала тәрбиелеп отырмын. Ұлдарымыз екі халықтың да ең жақсы қасиеттерін бойларына сіңіріп өсіп келеді. Екі жақтың туған-туысқандарымен де етене жақын араласып тұрамыз. Ұлтым поляк болса да, қазақтың келіні ретінде барлық жөн-жоралғыларды орындап, ұлттық салт-дәстүрге құрметпен қараймын, – деп атап өтті Наталья Нагочевская.
Бұдан басқа жарыссөзге шыққан өзге қатысушылар да барлық этнос өкілдерінің атынан елімізде ұлтаралық татулық негізінде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып отырғанын, білім, мәдениет, тілдерді дамыту саласында көптеген жұмыстар қолға алынғанын, ең бастысы, Қазақстанның болашағы халық бірлігіне негізделгені үшін Елбасы мен жиырмасыншы ғасырдың басында депортацияға ұшыраған ата-бабаларын құшақ жая қарсы алған қазақ халқына шексіз алғысын білдірді.

Аслан Оспанов.

Алғыс айту күні облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин Щучинск қаласының
арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Мекеменің директоры Шолпан Тәшкеева депутаттарды мекеменің қазіргі жағдайымен таныстырды. Өзекті мәселелерді айтты. Белгілі бір жөндеу, абаттандыру жұмыстары қажет. Мұның барлығы бюджет қаражатын бөлуді талап етеді. Хатшы орталыққа сыйлық жасады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар