Жеңісті 19 жыл

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында партияның 19 жылдығы және Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтіп, онда жаңадан партия қатарына қабылданушыларға партия билеттері тапсырылды және бірқатар ардагерлер мен белсенділер Алғыс хатпен марапатталды.

Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жетекші партияның тарихына тоқталып, қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтады.
– «Нұр Отан» өзі құрылғаннан бері билік пен халықтың арасындағы алтын көпір, дәнекер бола білді. Партия халықтың қызметшісі, Елбасының – көмекшісі. Соның нәтижесінде, ел сеніміне ие болды. Мемлекет басшысының жетекшілігімен Қазақстан халқы ауызбірлігі берік және даму динамикасы жоғары, экономикасы әлеуетті мемлекет құрды. Сонымен қатар, бүгін Алғыс айту күнін мерекелеудеміз, бұл біздің еліміздегі тату-тәтті өмір сүріп жатқан 100-ден аса этностардың қазақ халқына, ұрпақтардың ата-бабаларына, үлкендерге деген құрмет білдіру күні десек артық емес, – деді Ғалым Бекмағамбетов.
Облыстық «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-нің директоры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург
Жабал Ерғалиев Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған халықтық партия екенін атап өтті.
Мұнан соң партия қатарына жаңадан қабылданғандар сөз сөйлеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне бір адамдай атсалысып, партияға адал қызмет атқаратындықтарын атап өтті. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары жаңадан партия қатарына қабылданған, әр салада еңбек ететін 23 адамға партиялық билет табыс-тады. Сондай-ақ, партияның ардагерлері мен белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы құрметіне Алғыс хатқа және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бекіткен 14 аталым бойынша марапатқа ие болды.
Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 1 миллионға жуық партия мүшесі бар болса, оның 46 229-ы ақмолалықтар. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген көшбасшы партияның 19 жылдығына орай өңірде 200 адам партия қатарын толықтырып отыр.

Аслан Оспанов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар