Елді өркендететін он міндет

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында дамыған және өнеркәсіптік бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін алдымызда тұрған басты міндеттерді айқындап берді. Тарихи құжатпен танысқан сәттен-ақ, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен жүзеге асырылып келе жатқан Назарбаев теориясы мен практикасының сабақтастығы үзілмегендігін байқадым.

Мәселен, алдымызда тұрған он міндеттің жетеуі экономика, қаржыға, «ақылды қалаға» байланысты дәйектелгендігін әрбір қазақстандық «алдымен экономика, содан соң саясат» формуласын еске түсіреді. Шынымен де, бұл формула мейлінше қарапайым, түсінікті әрі айқын бола тұра, жасампаз, өміршең екендігін толық дәлелдеді. Жолдауда білім мен ғылым мәселесі егжей-тегжейлі сөз болған.
Қазақстан Республикасы үшін Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне енудегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарына заң үстемдігін қамтамасыз ету мен жемқорлықпен күресу жататынын қадап айтты. Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру арқылы азаматтарға мемлекеттік органдар тарапынан көрсететін қызметтердің сапасын арттыру тапсырылды.
Демек, мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыруды жүзеге асыру үшін бейімделген заңнама, бизнесті, білім мен ғылымды қолдау шаралары, бизнесті жүргізу рәсімдерін жеңілдету, мемлекетпен өзара әрекеттесу кезінде транзакциялық шығындарды қысқарту түрінде қолдау инфрақұрылымы жасалатын болады. Осылай мемлекеттік органдардың халықпен және бизнес-пен қарым-қатынасы қолжетімді әрі ашық сипат ала отырып, мемлекет еңбек өнімділігін арттыру арқылы қызметтердің сапасын күшейтеді. Тәуелсіз сот төрелігі мен құқық қорғау жүйесінің жұмысы тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заң талаптарын қатаң орындауға және қоғамда құқық тәртібін нығайтуға бағытталады.
Елбасы Жолдауында берілген айрықша тапсырмалардың бірі – азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Президенті – адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және Конс-титуцияда оның кепілділігінің жария-
лануы мемлекеттің осы құқықтар мен бостандықтардың өзі құрайтын жүйелер мен құрылымдар арқылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді ерекше міндетіне алғандығын білдіреді. Қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру және Конституцияның ережелері мен нормаларын жүзеге асырудың тетіктерін жасау қоғамдық тәртіпті сақтаудың алғышартының бірі болып табылады.
Жолдаудағы тағы да бір назар аударатын жайт, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек деп еліміздегі азаматтардың жеке өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Заманауи интеллектуалды жүйелерді белсенді енгізу адамдардың қауіпсіз, алаңсыз өмір сүруіне мүмкіндік жасау арқылы қоғамдық тәртіпті сақтаудың бірден-бір жолы.
Міне, осылайша саралай келгенде Президент Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауы әр қазақстандық үшiн ерекше, көпшілік асыға күтетін әр азаматтың жеке жоспарына діңгек болып табылатын маңызды бағдарламалық құжат болды.
Бұл Жолдау осыған дейінгі елді жаңғыруға бастаған мемлекеттік маңызы бар бағдарламалық құжаттарының заңды жалғасы. Сондықтан, әр азаматтың Жолдау-
ды орындауға аз да болса, өз үлесін қосуы, оның азаматтық борышын орындауымен бірдей деп білуіміз керек.

Азамат БІРЖАНОВ,
«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалы
төрағасының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар