Кәсібін сүйген

«Мамандықтың бәрі жақсы» десе де, әркімнің өзіне ұнаған, жүрек қалауымен таңдап алған кәсібі болады. Ольга Миронова да онжылдықты бітірген соң бірден өзі таңдаған аспаздық мамандық бойынша жұмысқа орналасып, содан бері ұзақ жылдар бойы аспазшы болып еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол өз ісінің қыр-сырын меңгеріп, нағыз кәсіби маманға айналды. Содан болар, өз ісін жетік білетін маманға деген сұраныс та жоғары. Жұмыссыздық белең алған қазіргі кезде де ол жұмыссыз қаламын деп ойлаған емес. Керісінше, жоғары жалақы төлейміз деп шақыратын жерлер көп.
Қазір Ольга Миронова Көкшетау қаласындағы №2 агроколледждің асханасында аспазшы болып істейді.

 

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар