Атбасарда арнайы тактикалық оқу- жаттығулары өтті

Атбасар ауданында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде азаматтық қорғау апаттық-құтқару қызметтері мен құрамаларының арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Бекітілген жоспарға сәйкес, республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары барысында төтенше жағдайлар қызметтерінің, аудан әкімі аппаратының өкілдерінен құралған жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Осы іс-шара аясында Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Тұрмағанбетов көктемгі су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлар қаупіне қарсы шұғыл шара қолдануға арналған арнайы жасақтың байқауын өткізді.
Бөлімдердің келуінің жеделдігі, жауынгерлік қабілеттілігі бағаланып, жеке құрамның өз міндеттерін білу деңгейі тексерілді. Төтенше жағдай барысында құтқару жұмыстарына және басқа да апаттар мен оның салдарынан зардап шеккендерге уақытылы көмек көрсетуге техникалар мен жабдықтардың жарамдылығы ерекше назарға алынды.
Сапқа жеке құрамнан 270 адам мен 94 бірлік техника қойылды. Жаттығу қорытындысы бойынша, аудандық шұғыл ден қою жасағы су тасқыны кезеңінде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге «дайын» деген баға алды. Байқаудан кейін су тасқыны барысында төтенше жағдайларды жою бо-йынша күштері мен құралдарды іс жүзінде қолдануымен 3 оқу орындарында арнайы тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Нақты айтқанда, 1-ші оқу орны «Су басу аймағынан тұрғындарды эвакуациялау бо-йынша құтқару жұмыстары» (Атбасар қаласы, Челюскин көшесі); 2-ші оқу орны «№1 орта мектебі ММ; 3-ші оқу орны №3 Жеңіс көшесі
ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Оқу-жаттығу барысында басқару органдарының тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мәселесі, сондай-ақ, 2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде ықтимал төтенше жағдайларды жою кезінде апаттық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысындағы азаматтық қорғау құрамалары мен апаттық-құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылының үйлесімділігі пысықталды.
Апаттың салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алудың тиімді болатындығын өмір тәжірибесі көрсетуде. Атбасар қаласындағы соңғы жылдарда болған су тасқыны салдарынан жүздеген отбасылар баспанасыз қалып, көп қиындық көрген еді. Әрине, мемлекет тарапынан баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілді. Дегенмен, айтып келмейтін табиғат апатының әкелетін материалдық шығынымен бірге, психологиялық кері әсері де аз болмайтыны анық. Осы орайда, апаттың алдын алуға дайындық жаттығулары адамдарды сондай психологиялық салдардан да сақтануға игі ықпалын тигізбек. Осы орайда, ең алдымен, тұрғындар арасында жүргізілетін түсінік жұмыстарының мәні зор.
Атбасар ауданының әкімі А.Қалжанов арнайы тактикалық оқу-жаттығу сәтті өткенін, шараға тартылған азаматтық қорғау құрамалары мен апаттық-құтқару қызметтері өздерінің алдарына қойылған тапсырмаларды орындап, үйлесімді іс-қимыл көрсеткенін атап өтті және мұның табиғат апатының алдын алуға тигізер зор ықпалы болатынына сенім білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар