Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абылай ханның Қызыл ағашы - АРҚА АЖАРЫ

Абылай ханның Қызыл ағашы

Мағжан:

Ертеде жел өтпейтін Қызыл ағаш,
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш.
Қабірінен әулиенің Алашқа артық,
Ертеде Абылайға Орда болған ағаш.

Абылай ханның Қызыл ағашы Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан.
Ауызша халықтың деректері бойынша, Көкшетаудың маңында, Абылай ханның есімімен байланыстырылған екі алаң орналасқан: «Үлкен және Кіші алаңы». Осы орайда, «Ханның Қызыл ағашы» деген жерде Абылай ханның басты алаңы орналасты деген негіз бар, бұл жерге жиырма жыл бұрын Бурабайдағы Абылай хан атындағы музейдің негізін қалаушы Көкшетау өлкетанушысы Әмина Тұрсынбаеваның ұсынысымен мәрмәр тас орнатылып ақын Мағжан Жұмабаевтың өлең шумақтары жазылған:
Ертеде жел өтпейтін Қызыл ағаш,
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш.
Қабірінен әулиенің Алашқа артық,
Ертеде Абылайға Орда болған ағаш.
Дәл осы алаңда Абылай хан қазақ хандығы бостандығын, тұтас мемлекетті алып қалу үшін барлық шешімдерді қабылдады.
Аңызға сүйенсек, осы алаңда қабылданған ең маңызды шешімдердің бірі Абылай ханның Орта жүздің ханы Әбілмамбетпен және 120 старшинамен Ресей азаматтығын қабылдауға келісімі туралы Орынбор қаласына бару шешімі болып табылады.
Көркем Көкшетаудың төңірегі болып келетін осы алаңда Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Тарақтыдан Байғазы, Шапырашты Наурызбай, Малайсары, Баян және басқа да батырларына сүйене отырып жоңғар әскери күшін әлсіретіп, шапқыншылығына тойтарыс беру шешімін қабылдады. Сонымен қатар, «Ханның Қызыл ағашы» деп аталатын бұл алаңда Абылай хан құрылтай, әскери жиналыстар, тағы да басқа көлемді іс-шаралар өткізілді. Көкшетау тауының шығыс бөлігіндегі алаң «Абылай хан алаңы» деп аталды. Бұл жердің табиғаты соншалықты көркем, сұлу, ауызбен айтып жеткізуге мүмкін емес келбетті Көкшетау таулары Абылай ханды дұрыс шешім қабылдауға шабыттандыратын.
«Ханның Қызыл ағашы» деген топониммен бірге «Ханның Қызыл үйі» деген түсінік қалыптасқан, бұл жоғарыда аталған орыннан солтүстік-батыс бағытында орналасқан Абылай ханның Ордасы деген ұғымды білдіретін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар