БІЛІМДІ ЖАС – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметінше, жоғары оқу орындарының білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтап, грант иегерлерін анықтады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Бес әлеуметтік бастама» шеңберінде биыл гранттар саны 20 мың орынға көбейтілді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, оның ішінде ақпараттық технологиялар, робототехника және нано-технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, 5 мыңы – еңбек нарығына қажет басқа да мамандықтарға, 3 мыңы – магистрлерді, 1 мыңы PhD докторларын даярлауға бағытталды. Осылайша жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594 грантқа дейін жеткізілді.
Оның ішінде, 50 944 грант 1 курсқа қабылдау үшін, 2650 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.
Аталған басымдықтарды ескере отырып, 24 737 грант техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтарына, 9 499 грант – білім, 2 785 грант – ауыл шаруашылық және ветеринария мамандықтарына, 2 700 грант – медицина яғни, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандықтарына, 1 450 – гуманитарлық ғылымдар мамандықтарына, 100 – құқық мамандықтарына, 300 – өнер мамандықтарына, 1 780 – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтарына, 3 246 – жаратылыстану ғылымдары мамандықтарына, 2 330 – қызмет көрсету мамандықтарына және 500 грант әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарына қарастырылды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілді. Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам – ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде 5494 адам квота бойынша оқу үшін конкурсқа қатысуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар