Басшылықтағы жаңа есім

Ақмола облысы әкімінің өкімімен дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалған Әсет Қайратұлы өзінің еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы туризм және спорт бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2005-2006 жылдар аралығында Көкшетау қалалық білім және спорт бөлімі болып қайта құрылған мемлекеттік мекемеде жетекші маман болып еңбек етті. 2006 жылдан 2008 жылға дейін қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы болды.
Одан кейін бір жыл «БТА банк» акционерлік қоғамында оператор қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2011 жылдан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында бас маман, кейін бөлім басшысы болды. Ал, қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар