Олар жасаған жиһазға сұраныс көп

Бұланды ауданындағы Макинск қаласындағы жиһаз цехында ағайынды Құмарбек пен Қуанжан және Салтанат Төлегендердің жұмыс істегеніне біраз жылдың жүзі болыпты. Он саусағынан өнер тамған қос шебердің жасаған дүниелері сапалылығымен де, сәнділігімен де сатып алушылар тарапынан жақсы бағаланып жүр. Цех өнімдері Бұланды аумағымен ғана шектелмей, облысқа, және Астана қаласына да шығарылуда. Жиһаз цехы шығарған дүниелер сапасы жағынан шетелдік бұйымдардан еш кем емес. Соған қарамастан, бағасы біршама төмен. Осыдан болар, олардың өнімдері қай жерде де үлкен сұраныс туғызуда.
Суреттерді түсірген Т.Қосшығұлов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар