Сенатор емхана ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков Елбасы Жолда-уын халыққа түсіндіру мақсатындағы жұмыс сапары шеңберінде Көкшетау қалалық емханасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында сенатор Мемлекет басшысының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында белгіленген міндеттер мен еліміздің даму бағдары жайында жан-жақты айтып берді.
Қазіргі күні қазақстандықтардың саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жеткен. Адамдардың өмір сүру жасының ұзаруына медициналық қызмет сапасының артуы игі ықпалын тигізіп отырғаны анық. Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамытуға жете көңіл бөлініп отыр. Алдағы уақытта білім және денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын құрайтын болады. Мұның өзі денсаулық сақтау саласын заман талабына сай қайта құруға оң әсерін тигізбек. Сонымен бірге, Жолдауда жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есеге өспек. Осыған орай, медицина қызметкерлерінің де еңбекақы көлемі өсетін болады. Парламент Сенатының депутаты Жолдауда қамтылған міндеттерді орындауға барша қазақстандықтар белсене атсалысуы қажеттігін айта келе, еліміздің дамуына елеулі әсер ететін бұл міндеттерді жүзеге асыру болашақтағы әлемнің озық 30 елінің санатына қосылу жөніндегі перспективалық мақсатымызға қол жеткізуге игі ықпалын тигізетіндігін атап өтті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар