Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарауыл Қосағалы батыр бейіті - АРҚА АЖАРЫ

Қарауыл Қосағалы батыр бейіті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері
бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Зеренді ауданы Қарауыл Қосағалы батыр мазарымен таныстырып отырмыз.

Қосағалы батыр Төлекұлы (1740-1813жж.) Көкшетау өңірінің тумасы. Орта жүздің ханы Уәлидің заманында өмір сүрген. Қазақтың белгілі күйшісі Дәулеткерей өзінің «Қосағалы» атты күйін арнаса, Ақмола-Көкше аймағында оның атымен аталатын жер, су атаулары да кездеседі. Заманында орыс патшалығы Қосағалы батырға үлкен сыйластықпен қараған, Екатерина ІІ патшайымнан Омбы шенеуніктері арқылы батырға алтын жіппен тігілген зерлі тон сыйлап, құрмет көрсеткен. Қосағалы батырдың зираты Зеренді ауданындағы Азат тауында жатыр. Зират басына жер-жерден тәу етіп келушілер де жеткілікті. Қазіргі уақытта Қосағалы батырдың басында мазар көтеру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурызындағы №311 Қаулысына сәйкес Қосағалы батырдың ел тарихындағы орны мен жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ерлігін
насихаттау мақсатында жеке қор ашылды.
Қосағалы батыр өзінің ата-бабалары сияқты бойы 276 сантиметр, алып денелі батыр болған. Оның жерлеу орны 4 метрді құрайды. Маңдайшасындағы жазу – арабша, қабір басындағы жазу екі тілде: қазақ және орыс тілінде: «Руы жақсылық Қарауыл», «Богатыр Қосағалы Толеков».
Шағалалы өзенінің тауды айналып өтетін тұсында Жақсылық Қарауылға жататын «Сай» ауылынан тараған «Жалғыз қарағай», «Қырдағы ауыл», «Былқылдақ», «Талдағы ауыл», «Өзен қарағай» дейтін ауылдардың соңғысын Қосағалы батыр мекендеген. Кеңес кезінде бәрі түрлі себептермен бытырап кетті. Тек «Азат» атты станция қалған.
Қосағалы батыр Арғын руы Қарауылдың Жақсылық тармағынан тарайтын Баянұлы Байтөлектің баласы. Танымал журналист-жазушы Тортай Сәдуақасовтың 2004 жылы жарық көрген «Ел мен жер» кітабындағы шежіреде: Қарауылдан төмен Мәшек атасынан – Есенбай-Әлімбет-Жақсылық-Баян-Төлек-Қосағалы-Байбол-Күлес-Жәулә-Есқақ-Қабдолла болып ұрпақтары одан әрі жалғаса береді. Батырдың әкесі Төлек, басына тоғыз мың жылқы біткен бай болыпты. 1723-1730 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» жадап-жүдеп осы жаққа жеткен қандастарымызға мал, жер беріп көмек көрсеткен атымтай жомарттығына сайып, ел-жұрт оны Баянұлы Бай-Төлек атап кеткен дейді.
Көшпелі заманда туған Қосағалының кіндік қаны тамған жер бұрынғы Рузаев ауданындағы Қосағалы өзенінің (орысша «Косогляд» деп атап кеткен) бойы. Бұл дерек 1910 жылы Санкт-Петербургтегі Э.Х.Брандттың картографиялық зауытында дайындалған жер пайдалану картасында «урочище Косагалъ» деп арнайы көрсетілген. Тіпті, Қосағалы қойнауындағы Жайлыбай, Жалаңауыз, Шалауыл, Құйрық ауылдарына да сипаттама беріліпті. Кейін Қосағалы көші Шағалалы өзені бойындағы түп аталарының қонысына бет түзеген. Атадан қалған мұраны шашау шығармаған Қосағалы да ауқатты, елі мен жеріне жау тигізбеген, беделі зор, алып денелі күш иесі болғаны анық. Оған дәлел, батырдың салт жүргенде өзінің арнайы баптайтын тұлпарлары «қара бедеу» аталған белді аттарымен ғана ерге қонатындағы.
Бұл кезең жоңғар шапқыншылығы түбегейлі жойылғанымен, Еділ құба қалмақтарының қарақшылық қақтығыстары әлі де болса тоқтамай, Ресей қарашекпенділерінің мысық табандап қазақ жеріне ене бастаған шағы еді. Осыған наразы болған Қосағалы батыр өзге батырлардың басын қосып, қарақшы қалмақтарды Элистадан әрі асырып қуғаны ауызекі аңыз-қиссалардан белгілі. Түмен,Челябі облыстарында әлі күнге дейін Үлкен Қосағалы, Кіші Қосағалы көлдері, Кіштема маңында осы аттас емдік су қайнары барлығы батырдың жорық жолдарынан дерек береді.
Қосағалыны өз тұсында Омбы шекпенділерінің шенеуніктері, татар байлары да таныған, сыйласып, онымен санасқан. Оған Омбы губернаторы тарапынан «Алтын тон» аталатын оқалы шапанның тарту етіліп, бұл жәдігер жұрнағының күні кешеге дейін батырдың ұрпағы Дәкен Боқанов ақсақалдың үйінде сақталып келгендігі дәлел болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар