Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енгізілмекші - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай ЮНЕСКО-ның геопарктер тізіміне енгізілмекші

Ақмола облысының солтүстігінде IV-V ғасырлардағы қабірден табылған тарихи мәдениет ескерткіштері «Бурабай қазынасы» атанып, бүгінде көпшілік тамашалайтын орынға айналды. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты мен аңыздарға толы тылсым бейнесі ЮНЕСКО ұйымының геопарктер тізімін толықтыруы мүмкін.

Жер шоқтығы атанған Көкшетаудың табиғаты көркем әрі шипалы Бурабайы әлемде сирек кездесетін географиялық орта болып табылады. Ұлттық парктің негізгі жұмысы экожүйенің тұтастығын, тарихи және мәдени ескерткіштерді, тарихи мұраларды сақтау және зерттеу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2000 жылдың 12 тамызында мемлекеттік табиғи саябақ ретінде құрылғаннан бері Бурабай әлемнің жетекші ұйымдарының назарына ілігіп, серіктестік қатынас орнатқан. Ендігі мақсат ЮНЕСКО деңгейіндегі геопарк атану.
Облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жәмпейісов: «Қазіргі уақытта біз ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтеріне тапсыратын керекті құжаттар дайындап жатырмыз. Құжаттарды 30 қарашаға дейін өткізуіміз керек. Содан соң ЮНЕСКО өкілдері Бурабайға келіп, шешім шығаратын болады. Егер Бурабай ғаламдық геопарк мәртебесіне ие болса, еліміздің туризмі дами түсетіні анық», – деді.
Егер курортты аймақ Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының геопарктер тізіміне қосылса, киелі мекеннің мәліметтері жинақталып, олардың әлемдік аренада қолжетімдігін қамтамасыз етер еді.
Бурабайдың әсем табиғаты әлем туристерін тамсандыруда. Ұлттық саябақтың аумағында орныққан орманшылықтар, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен тамақтану павильондары туристердің демалысына жайлы жағдай ұсынады. Мәселен, былтыр курортты аймақта 800 мыңнан астам адам демалса, биыл 900 мың демалушыны құрады. Алдағы жылдары ол 2 миллион адамға өсуі мүмкін.
Демалысын қазақтың киелі мекенінде өткізуді дәстүрге айналдырған ресейлік турист Елена Крайцберг: «Бұл жерге 35 жыл бұрын ғашық болдым. Бурабайға алғаш рет 1983 жылы студенттік шағымда келіп, осы өңірдің тамаша табиғаты, таза ауасы мен жұмбаққа толы тау-көлдері мені еріксіз баурап алған еді. Бурабайдың адамға әсер ететін ерекше сиқыры бар. Себебі, бұл жерге бір рет аяқ басқан адам келесі жолы жақындарын ертіп, қайта оралғысы келеді. Осы жылы Бурабайға құрбыларымды да шақырып, әсем орындарды аралап, студенттік кездерімізді еске түсіріп жүрміз», – деп сүйіспеншілігін білдірді.
«Бурабай курорттық кешенін дамыту жұмыстарына бизнес құрылымдары да қосылуда. Сонымен қатар, жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, велосипедпен жүруге арналған жолдар салынуда. Туристерге арналған жаңа нысандар да құрылып жатыр. Жалпы, бүгінде Бурабай аумағында 12 мың адам демала алатын 150 қонақ үй бар. Оған қоса, табиғат аясындағы шағын демалыс орындары да жетерлік. Одан бөлек, еліміздің туризм нысандары курортты өлке жайлы көрнекілік ақпараттарды көбейтіп жатыр», – дейді Талғат Жәмпейісов.
Айта кететін жайт, Бурабайға Голливуд продюсерлері қызығушылықтарын білдіруде. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген еді. «Елбасының тапсырмасы мен Қауіпсіздік кеңесі хаттамасының шешімі бойынша, киноиндустрия саласындағы инвесторларды Қазақстанға тарту жұмыстары басталды. 1 шілдеде өткен Еуразия Халықаралық кинофестиваліне халықаралық киноиндустрияның топ-менеджерлері, сондай-ақ, Universal Pictures киностудиясының вице-президенті қатысты. Фестиваль барысында Голливуд мамандары Бурабайдың көркіне тамсанып, ынтымақтастық қатынасын орнатуға дайын екендігін білдірді», – деп атап өтті.
Аты аңызға айналып, көркімен көз арбайтын Көкше өңіріндегі көрікті мекен Бурабай кімді болмасын қызықтыратыны анық.
Ботакөз БАҚБЕРГЕН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика
факультетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар