Көрсетілетін қызмет сапасы артуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің кепілі» тақырыбында брифинг болып өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақмола облыстық департаментіндегі мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов өз сөзінде департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органдардың қызметі талданды. Нәтижесінде облыстың мемлекеттік органдарымен биылғы жылдың 9 айында 3,4 миллион қызмет көрсетілгені анықталды. Қызметтің 480 669 қағаз түрінде, 201768-і мемлекеттік корпорация арқылы, 1928910 электрондық түрде көрсетілген. Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің 16 пайызы «электрондық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болғанын атап өткен жөн. Департамент есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша 63 бақылау шарасын өткізді. Нәтижесінде 589 заң бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, қызмет алушылардың арызын қарау мәселесі департаменттің ерекше назарында тұр.
–Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 44 өтінішті қарады, 47 тексеру жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша 21 өтініш қанағаттандырылды. Бұзылған құқықты қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды,–дейді Әділбек Мұхамеджанов. Брифинг барысында балалардың мектепке дейінгі ұйымдарына баратын бүлдіршіндерді кезекке қою мәселесі талқыланды. Көкшетау қалалық білім бөлімінің әдіскері Әлия Өмірзақованың айтуынша, қазір балабақшаға ата-аналардың өтінішінде көрсетілген бүлдіршіннің туу жылы бойынша бірыңғай қалалық кезек құрылған. Кезек тәртібі қатаң сақталады.
– Akmola.kz ақпараттық жүйесі ата-аналарға кезекке қоятын өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, өтінішін қайтып алу, мемлекеттік немесе жеке меншік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу және жолдама алуға қызығушылығын көрсету мүмкіндігін ұсынады,–деді Әлия Өмірзақова. Салада жеңілдік санаттар бар. Мәселен, балабақшаға әскери қызметтегілердің балалары, сондай-ақ, мүгедектердің және көп балалы отбастарының балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар, дарынды және жетім балалар кезексіз қабылданады. Кезегі келген ата-ана балабақшаны таңдап, жолдама алады. Брифинг барысында балабақша кезегі жөнінде туындайтын өзге де мәселелер айтылып, қойылған сауалдарға жауап қайтарылды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар