Асық ойындары жарысы өтті

Қорғалжын ауданындағы Арықты ауылдық округінде Арықты орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Президент күні қарсаңында асық ойындарынан «Алтын асық», «Бес асық» жарысы болып өтті. Осы аталмыш мерекеге Қорғалжын ауданы бойынша 8 команда қатысты. Олар: Амангелді ауылдық округі, Арықты ауылдық округі, Коммунар ауылдық округі, Қарашалғын ауылдық округі, Сабынды ауылдық округі, Кеңбидайық ауылдық округі, Қорғалжын мектеп-гимназиясы және Үшсарт орта мектебі. Осы жарысқа арнайы Қорғалжын ауданы спорт бөлімінің басшысы Әліби Аманжолов қатысып, құттықтады. Бірінші орынды Қарашалғын ауылдық округі, екінші орынды Амангелді ауылдық округі жеңіп алса, үшінші орынды Арықты ауылдық округі иеленді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар