Латын әліпбиінің қай нұсқасы дұрыс?..

Елімізде заман талабына сай латын әліпбиіне көшуге дайындық барысында зиялы қауымның атқарып келе жатқан жұмысы өте маңызды. Бүгінге дейін бірнеше нұсқалар талқыланды. Бірақ, халыққа түсініксіз әріптер бар.

14 қарашада республика бойынша латынша жазудан диктант жұмысы өткізілді. Бұл жұмысты мектебіміздің ұстаздар қауымы, қызметкерлері болып, барлығы орындады. Мұнда бізге берілген латын әліпбиінде 32 әріп көрсетілген. Осы әліпби Ақмола облыстық «ARQA AJARY» газетінің 2018 жылдың 13 қарашасындағы санында, 4-бетте А.Пазылованың мақаласымен бірге басылып шықты. Мұнда реттік №10; 11; және 31-қаріптерде түсінбеушілік бар. ЦИРК деген сөзді жазуға Ц әрпінің орнына қандай латын әрпін қолдануға болады? Осы нұсқа бойынша әліпбиді қолданып, еліміз бойынша қаншама азаматтар диктант жұмысын орындады. Негізі, интернетте бұл қаріптердің қате тұстарын айтқан ұлтжанды зиялы азаматтардың айтқан пікірлері, келтірген мысалдары неге ескерусіз қалады?
Мысал келтірсем, бұл әліпби бойынша: QARASHA- ҚАРАСХА немесе ҚАРАША, ISHINDE-ИСХИНДЕ немесе ІШІНДЕ, LATYNSHA-ЛАТЫНСХА немесе ЛАТЫНША, BEREIIK-БЕРЕИЙК немесе БЕРЕЙІК деп оқитын боламыз. Соңғы екі сөз 13 қарашадағы А.Пазылованың мақаласында жазылған.
Міне, осыдан не оқып, қандай білім алатынымызды ойланып көріңіз. Ұстаздардың өзі түсінбеген әліпбимен, оқушылар қандай білім алады? Еліміздің болашағын ойласақ, әліпби құрастыруда мамандар әлі де болса дұрыс, түсінікті нұсқасын қарастырар деп сенеміз.

Зейнолда ОРАЛБЕК,
Сергеев орта мектебінің математика пәні мұғалімі.
Атбасар ауданы.

 

14 qarashada respýblıka boıynsha latynsha jazýdan dıktant jumysy ótkіzіldі. Bul jumysty mektebіmіzdіń ustazdar qaýymy, qyzmetkerlerі bolyp, barlyǵy oryndady. Munda bіzge berіlgen latyn álіpbıіnde 32 árіp kórsetіlgen. Osy álіpbı Aqmola oblystyq «ARQA AJARY» gazetіnіń 2018 jyldyń 13 qarashasyndaǵy sanynda, 4-bette A.Pazylovanyń maqalasymen bіrge basylyp shyqty. Munda rettіk №10; 11; jáne 31-qarіpterde túsіnbeýshіlіk bar. TsIRK degen sózdі jazýǵa Ts árpіnіń ornyna qandaı latyn árpіn qoldanýǵa bolady? Osy nusqa boıynsha álіpbıdі qoldanyp, elіmіz boıynsha qanshama azamattar dıktant jumysyn oryndady. Negіzі, ınternette bul qarіpterdіń qate tustaryn aıtqan ultjandy zııaly azamattardyń aıtqan pіkіrlerі, keltіrgen mysaldary nege eskerýsіz qalady?
Mysal keltіrsem, bul álіpbı boıynsha: QARASHA- QARASHA nemese QARAShA, ISHINDE-ISHINDE nemese IShINDE, LATYNSHA-LATYNSHA nemese LATYNShA, BEREIIK-BEREIIK nemese BEREIIK dep oqıtyn bolamyz. Sońǵy ekі sóz 13 qarashadaǵy A.Pazylovanyń maqalasynda jazylǵan.
Mіne, osydan ne oqyp, qandaı bіlіm alatynymyzdy oılanyp kórіńіz. Ustazdardyń ózі túsіnbegen álіpbımen, oqýshylar qandaı bіlіm alady? Elіmіzdіń bolashaǵyn oılasaq, álіpbı qurastyrýda mamandar álі de bolsa durys, túsіnіktі nusqasyn qarastyrar dep senemіz.

Zeınolda ORALBEK,
Sergeev orta mektebіnіń matematıka pánі muǵalіmі.
Atbasar aýdany.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар