Сәуленің ән әлеміндегі бүлдіршіндер

Сәуленің музыкаға деген құштарлығы ерте оянды. Ол мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен-ақ, мектепішілік, ауданаралық ән байқауларына қатысып, өрелі өнеріне өзгелерді тәнті ете жүріп, жүлделі орындардан көрініп жүрді.

Орта мектепті тәмамдасымен өз болашағын ән әлемімен ұштастыруды ойлады. Сөйтіп, Павлодардағы педагогикалық университетінің музыка факультетіне оқуға түсіп, жүрегі қалаған мамандық иесі атанды. Қолына диплом алған соң, Астрахан ауданының орталығындағы «Алпамыс» балабақшасына жұмысқа орналасып, күні бүгінге дейін осы мекемеде табан аудармастан музыкалық жетекшісі болып қызмет атқарып келеді. Содан бері аттай сегіз жыл өтіпті. Қазіргі таңда
аудан орталығында Сәуле Ысқаққызының қатысуынсыз ешбір мәдени іс-шара өткізілмейді десек асыра айтпағанымыз. Сәуле Рыспайқызы жетекшілік ететін бүлдіршіндерден құралған вокал тобы аудандық, облыстық, республикалық ән байқауларының жүлдегерлері атанып жүр. Мәселен, «Хрустальный башмачок», «Музыкальный сезон», «Ән шырқайық бәріміз» сияқты республикалық ән додаларында балғын әншілер биіктен көрініп, өз мерейлерін асырып, аудан абыройын аспандатты.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Фото автордікі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар